Астанада қалта ұрыларының тобы ұсталды

Zakon.kz
Ұсталған күдіктілер Астана қаласы Уақытша оқшаулау орталығына қамалды.
Астана қаласы ІІД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жедел алдын алу шараларын жүргізу кезінде қоғамдық көліктерде ұрлықпен айналысқан қалта ұрыларының тобын құрықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат, ІІД баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап.

Автобус салонында күдіктілердің бірі 63 жастағы әйел адамның сөмкесінен ішінде ақшасы бар әмиянын алып шығып, қасында тұрған сыбайласына берген.

Қаскүнемдерді полицейлер қылмыс үстінде ұстады. Дәлел заттар тәркіленіп, зардап шегушіге қайтарылды. Аталмыш факт ҚР ҚК «ұрлық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай тіркеуіне алынды.

Ұсталған күдіктілер Астана қаласы Уақытша оқшаулау орталығына қамалды. Күдіктілердің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысының бар-жоғы анықталуда.

Қала тұрғындары мен қонақтарын жеке мүлікті сақтауда мұқият болуды сұраймыз.

Фото: inform.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Какой цвет сделает осенний образ дороже – совет стилиста

"Каток свой, отец – лучший, но не его": в Сети разнесли дебют Плющенко-младшего за Азербайджан

Шестой за неделю пассажир пожаловался на кражу на борту рейса в ОАЭ

Пользователи ChatGPT, Claude, Grok и Gemini подали коллективный иск против разработчиков

Касым-Жомарт Токаев направил телеграмму президенту России