Атырауда құтқарушылар орға түскен сиырды шығарды

Zakon.kz
Қызметкерлердің бірі етік киіп шұңқырға түсті.
8 қыркүйек күні қала маңындағы Балауса поселкесінде құрылысы жүріп жатқан үйдің иелері шығып кетіп, қайта келгенде тереңдігі 2 метр болатын септикке сиыр түсіп кеткенін көреді, деп жазады "Ақ Жайық" басылымы.

Олар Батыс құтқару отрядына хабарласады.

- Біз айтылған жерге келгенде үй иелерінің айтуынша, сиыр шұңқырда 6 сағаттай тұрған. Құтқару жұмыстарына өрт сөндіретін апаттық-құтқару автокөлігі қатысты, - дейді бөлімше командирі Александр Качалов.

Қызметкерлердің бірі етік киіп шұңқырға түсіп, арқан кигізіп, содан соң жануарды кранның көмегімен жоғары тартып шығарды. Сиыр өзінің алғысын білдіргісі келді ме екен, мөңіреді де далаға қарай кетті.

Мұрат Сұлтанғалиев

Фото: Александр Качалов

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Суперкомпьютер NASA рассчитал точную дату конца человечества на Земле

Достигло 100-го этажа: самое высокое здание мира растет в Саудовской Аравии

Мясо по 3275 тенге: хорошую новость сообщили казахстанцам

Известна соперница Рыбакиной за полуфинал турнира в Штутгарте

Баян Алагузова заполучила легендарный камзол из культового фильма "Қыз Жібек"