ШҚО-да қасақана өрт қою оқиғалары көбейіп барады

Zakon.kz
Жексенбі күні түнде Березовка ауылындағы Южная көшесінде 9 тонна қыстық шөп күлге айналды.
Шығыс Қазақстан облысында демалыс күндері әдейі өрт қойған үш жағдай тіркеліп, өрт сөндірушілер үшеуін де сөндіріп үлгерді, деп хабарлайды altaynews.kz.

Жайма ауылында сенбі күні қора-жайлармен бірге 21 тонна шөп жанып кетті. Құтқарушылар келгенше үй иелері малдарын қорадан алып шығып үлгерген. Лапылдаған қызыл жалын монша мен гаражға жайылу қаупі күшейген. Дегенмен өрт сөндірушілердің жедел қимылының арқасында тілсіз жау ауыздықталды. Барлығы 45 шаршы метр жер өртенген. Зардап шеккендер жоқ. Қазір кінәлі адамдар іздестірілуде

Дәл осы күні Семей қаласында да Восточный правый саяжайлар массивінде шаруашылық қоралары жанып кетті. Өртке қарсы қызмет мамандары оқиға орнына тез жеткендіктен, қызыл жалын айналасын жалмап үлгермеген. Өрт сөндірушілер 15 шаршы метр жерде шыққан отты сөндірді.

Ал жексенбі күні түнде Березовка ауылындағы Южная көшесінде 9 тонна қыстық шөп күлге айналды. Уақытыеда жеткен құтқарушылар 20 минуттың ішінде өртті ауыздықтады.

Мамандар барлық үш жағдайда да қасақана өртеген деген болжам айтуда.

Фото: altaynews.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Снег и гололед: о ненастной погоде 8 декабря предупредили синоптики

Думают, что ее можно обмануть: прокурор, добившаяся трех пожизненных приговоров

Новая схема мошенничества: важное заявление сделала Генпрокуратура Казахстана

Полицейский погиб в ДТП на трассе Акмолинской области

Фронтальный удар по Земле: магнитные бури накроют планету в ближайшие дни