Павлодар облысында қаруды сақтау ережесін бұзудың 152 фактісі анықталды

Zakon.kz
5 500-ден астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Павлодар облысында учаскелік полиция инспекторлары «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы барысында қаруды сақтау ережесі бойынша 152 бұзушылықты анықтап, 57 бірлік қару алынды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

ІІД-нің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, 166 мыңнан астам пәтер және 64 мыңнан астам жеке меншік үй тексерілген. Нәтижесінде 5 500-ден астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Оның ішінде 241-і – отбасылық жанжалқор. Сондай-ақ, іс-шара шеңберінде халыққа 7 мыңнан астам алаяқтық әрекетке қарсы күрес жөніндегі жадынама табысталды.

– Қазіргі уақытта облыстың учаскелік полиция инспекторлары тұрғылықты жерлері бойынша есепке алынған 11 мыңнан астам тұлғаны тексеріп, қосымша 1105 адамды есепке қойды. Тәртіп сақшылары 3 мыңнан астам азаматтық аңшы мылтығының иесін тексерген. Өйткені қолданыстағы заңнамаға сәйкес атыс қаруын сатып алу және сақтау үшін міндетті түрде пәтерде күзет дабылы болуы тиіс немесе атыс қаруын сақтауға арналған сейфке дабыл қағу құрылғысын орнату қажет, – дейді департаментте.

Айта кетейік, қызмет көрсететін әкімшілік учаскеде құқық бұзушылықтың алдын алу, азаматтармен сенімді тығыз қарым-қатынасты орнату бойынша жұмысты жандандыру мақсатында өңірде 10 қыркүйек – 1 желтоқсан аралығында «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы өткізіледі.

Фото: pavlodarnews.kz


Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Родители Димаша Кудайбергена записали видеообращение для казахстанцев и фанатов сына

Луна постепенно отдаляется от Земли, меняя длительность суток

Хорошую новость объявили казахстанцам по регистрации авто и замене ГРНЗ

В Казахстане началось производство автомобилей бренда с вековым именем Morris Garages

Доллар снова подешевел на торгах 3 марта