Қазақстан Қырғызстанды ЕАЭО-дағы өз міндеттерін айқындауға шақырды

Zakon.kz
Бақытжан Сағынтаев Қырғызстан үкіметін Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы өз міндеттерін растауға шақырды.
Бүгін Ташкент қаласында ТМД Үкімет басшыларының отырысы өтуде, - деп хабарлайды Zakon.kz.

Отырыс барысында Қырғызстан Республикасының премьер-министрі Сапар Исаков күтпеген жерден сөз сөйледі. Ол қайтадан қазақ-қырғыз шекарасындағы жағдайға қатысты мәселені көтерді.

Қазақстанның Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев оның сөзіне жауап ретінде, біздің мемлекетіміздің бұл сұраққа қандай көзқараста екені жақсы белгілі деп атап өтті.

«Қазақстан үкіметі қырғызстандық тараптың пікірімен келіспейді. Аталған мәселе бойынша біздің мемлекеттің ұстанымы баршаға мәлім. Ол Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің ортақ экономикалық кеңістігін құру идеологиясына толық сәйкес келеді және Одақтың қатысушы-елдерінің экономикалық шығындары мен қауіп-қатерлерін азайтуға бағытталған», - деді ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Ташкентте өткен ТМД Үкімет басшыларының отырысында қазақстандық-қырғызстандық шекара аумағындағы бақылау мәселелері жөнінде.

«Біз Қырғызстан үкіметін Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы өз міндеттерін растауға және Қырғыз Республикасының өз міндеттерін имплементациялауға шақырамыз. Бұл тақырыпты үнемі ашық айтамыз және біздің сөзіміз қырғызстандық әріптестерге жеткенін қалаймыз», - деді Б.Сағынтаев.

Сондай-ақ, Премьер-Министр Қазақстан Үкіметінің қырғызстандық тараптың сындарлы ұстанымына үміт артатынын атап өтті.

Фото: astanatimes.com

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

154 этажа: инженеры продемонстрировали, как растет самый высокий жилой небоскреб в мире

Самый популярный вратарь ЧМ-2026 все-таки нашел новое место работы

Дастан Сатпаев получил персональный номер в "Челси"

Без шлема в бетон: смертельное ДТП с участием мотоцикла произошло в ночном Алматы

Мафия использовала кошек как живые факелы для поджога лесов