"Magnum" супермаркеттер желісінің тұтынушыларды қалай алдағаны әшкереленді

Zakon.kz
"Magnum" дүкенінің таразыдан жеп қоятыны анықталды.
Magnum супермаркеттер желісінің тұтынушыларды қалай алдайтыны әшкереленді, - деп хабарлайды Zakon.kz.

Дүкендердің бірінде сауда-саттық жасап жүрген кезде түсірілген видеода ер адам тұтынушыларға қызмет көрсету және тауарларды өлшеу бөлімінде жұмыс істейтін қызбен сөйлесуде. Салмағы 640 грамм деп жазылған шұжықты көрсетіп тұр. Сосын ол шұжықты таразыға қойып, салмағының 200 грамға кем екенін көрсетеді. Жалғыз ол шұжық қана емес, тұтынушы тағы да бір шұжықты өлшеп көріп еді, оның да салмағы сыртында жазылған салмақтан кем болып шықты.

Супермаркет қызметкері неліктен бұлай болғанына жауап бере алмай қалды. Видеоны түсіріп тұрған әйел супермаркет әкімшілігімен не болмаса менеджерімен жолыққан дұрыс деп шешті.


Фото: Zakon.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

"Всему приходит конец": Игорь Крутой поставил точку в проектах с Димашем Кудайбергеном

Сотрудники спецЦОНа в Астане создали ОПГ и провернули прибыльную схему

Женщина заработала более 450 млн тенге на книгах, созданных нейросетью

День, когда Байконур замирает: почему 24 октября не запускают ракеты

Рыбакина второй год подряд будет играть в финале WTA 500 в Нинбо