Тұтынушылардың Ұлттық Одағы супермаркеттер желісімен соттасатын болды

Zakon.kz
Есептен алдау, таразыдан жеу Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 190 бабына сәйкес қарастырылады.
Тұтынушылардың Ұлттық Одағының Президенті Светлана Романовская "Magnum" супермаркеттер желісінің тұтынушыларды қалай алдағанын әшкерелеген видеоға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, есептен алдау, таразыдан жеу Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 190 бабына сәйкес қарастырылады.

«Сурет пен видео сот ісінде айғақ болып табылады. Тұтынушы полицей бөлімшесіне келу керек. Біріншіден, оның ақшасын қайтарып береді, ал екіншіден, ол моральдік шығынның өтемақысын талап ете алады. Егер тұтынушы бірден Тұтынушылардың Ұлттық Одағына хабарласса, біз видеоны негізге ала отырып, сотқа шағым түсіріп, таразыдан желініп, шұжық сатып алған барлық тұтынушының материалдық шығынын өтеп беруді талап ете алатын едік, - деді Светлана Романовская.

Қазіргі жағдайда тұтынушыны алдағаны үшін 112 100 теңге көлемінде айыппұл тағылады.

"Бізде барлық дүкенде таразыдан жеп, есептен алдайды. Тауардың өндірілген мерзімі мен жарамдылық мерзімінің уақытын өзгертіп жабыстырып қояды. Дүкендердің сөресінде жасанды тауарлар толып тұр. Тұтынушылардың Ұлттық Одағы супермаркеттер желісіндегі тұтынушыларды алдаған жағдайға қатысты сотқа шағымданып арыз жазады", - деді Светлана.


Еске сала кетейік, "Magnum" супермаркеттер желісінің тұтынушыларды қалай алдайтыны әшкереленген болатын. Дүкендердің бірінде сауда-саттық жасап жүрген кезде түсірілген видеода ер адам тұтынушыларға қызмет көрсету және тауарларды өлшеу бөлімінде жұмыс істейтін қызбен сөйлесуде. Салмағы 640 грамм деп жазылған шұжықты көрсетіп тұр. Сосын ол шұжықты таразыға қойып, салмағының 200 грамға кем екенін көрсетеді. Жалғыз ол шұжық қана емес, тұтынушы тағы да бір шұжықты өлшеп көріп еді, оның да салмағы сыртында жазылған салмақтан кем болып шықты.

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Акулы на курортах Египта: случайность или новая реальность

Выигравший 900 млрд тенге в лотерею не явился за деньгами

"Пусть сбудутся мечты": вдова Асанали Ашимова обратилась к 18-летнему сыну

Доллар уже не спасает: почему казахстанцы массово меняют валютную стратегию

Казахстанцы нашли новый способ зарабатывать – цифры бьют рекорды