Маңғыстауда «Рухани жаңғыру» керуені жолға шықты

Zakon.kz
Республикада тұңғыш рет ұйымдастырылған «Рухани жаңғыру» керуені бағытын Маңғыстаудан бастады.
Республикада тұңғыш рет ұйымдастырылған «Рухани жаңғыру» керуені бағытын Маңғыстаудан бастады. Түрлі сала өкілдерінің басын қосқан көш өңірдегі 56 елді мекенді аралап, жастармен кездеседі. Шараның мақсаты – Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асырудың негізгі бағыттарын көрсете отырып, жастарды өңірдің әлеуметтік-экономикалық өміріне белсенді қатыстыру. Сондай-ақ, мемлекет тарапынан жасалып жатқан жобаларды жан-жақты түсіндіріру.
Керуен құрамындағы топ мүшелері 5 бағытта жұмыс жасауды қолға алған. Атап айтсақ, бос уақытты ұйымдастыру, жұмыспен қамту, құқық бұзушылықтың алдын алу, патриоттық тәрбие беру, тұрғын үй және жатақханмен қамтамасыз ету бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қолдау көрсету. Делегация осы уақытқа дейін 4 аудан мен 26 елді мекенді аралап, жергілікті жастардың қатысуымен түрлі шараларды ұйымдастырғандарын айтады. Қорытынды кездесуді 15 қараша күні Ақтау қаласындағы Абай атындағы мәдени-демалыс кешенінде өткізуді жоспарлап отыр.

«Рухани жаңғыру» керуені әрі қарай Атырау облысын аралайтын болады.

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Шерпы отец и сын сотворили легендарное достижение на вершине Эвереста

Джеки Чан в Казахстане: первые кадры съемок "Доспехов Бога 4: Ультиматум" стартовали в Мангистау

Наташа Королёва публично обратилась к 88-летней маме Игоря Николаева

Доллар идет к 500 тенге: каким будет курс на новой неделе

"Неделю собирали портрет из 3000 деталей LEGO": Димаш исполнил мечту школьников и сделал им подарок