«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының сот жүйесіндегі көрінісі
«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының сот жүйесіндегі көрінісі
Елбасы «Бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам» Ұлт Жоспарымен судьялар қауымдастығының алдында заң үстемдігін қамтамасыз ету бойынша нақты міндеттер қойған болатын.
«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының авторы Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Судьялардың тәуелсіздігі - мақсат емес, олардың азаматтық және кәсіби парыздарын лайықты атқару құралы. Кімде - кім мұны түсінбесе судьяның мәртебелі атағын алып жүруге құқығы жоқ. Реформа жасағанда елімізде сот жүйесін, жалпы құқық қорғау жүйесін түземесек, көздеген мақсатымызға жете алмаймыз. Біздің азаматтар барлық мәселелерін сот жүйесінде шешуі керек» деп қадап көрсетті. Қазіргі таңда сот жүйесін терең реформалау арқылы судьялардың халық алдындағы беделін арттырып, сотта адамның құқығы мен бостандығының сенімді кепіл етудін барлық заңдық мүмкіндіктері жасалып отыр.
Сот билігіне өкілеттігі аясында мемлекет атынан әрекет ету құқығы берілген. Қандайда бір азаматтар тарапынан құқық бұзушылық, кез келген шешімдер мен мемлекеттік органдар лауазымына қарамай Конституциямен, заңдармен көзделген құқықтарға, бостандықтарына, заңды мүдделерге нұқсан келтірсе, ондай іс-әрекеттерден сот арқылы қорғану кепілдігі берілген. Соңғы уақытта істердің көбеюінен және азаматтардың арыз-шағымдарының сотта көптеп қаралуынан сот жүйесіне деген халық сенімінің арта түскенін байқаймыз.
Республика аумағында үш сатылы сот жүйесін енгізу - адамның, қоғамның және мемлекеттің заңды мүддесінің неғұрлым жедел әрі сапалы қорғалуына оң әсерін тигізуде. Сондықтан сот сатыларының азаюы апелляциялық сатының ролін күшейтуге негіз берді.
Жоғары Сотта істерді қарау тәртібі, шағымдар мен өтініштерді алдын-ала қарау жүйесі қатаң регламенттелген.
Азаматтық істер бойынша айтатын болсақ, жеңілдетілген және бұйрық арқылы іс жүргізу нысанындағы істер апелляциялық сатыда өзінің нақты шешімін табуда. Нәтижесінде апелляциялық сатының маңыздылығы мен жауапкершілігі артты.
Түптеп келгенде негізгі мақсат - азаматтарды әуре-сарсаңға салмай, сот сатыларын мейлінше азайту, сот төрелігін қолжетімді ету, іс бойынша сот шешімін жедел қабылдап, сот әділдігін орнату. Бұл бір сөзбен айтқанда, сот сатыларын оңтайландыру - сот төрелігінің сапасын арттырудың негізгі жолы болып табылады.
Аталған Жоспар сот саласын одан әрі дамытып оның беделінің асуына өте үлкен үлесін қосуда.
Астана қаласы Алматы аудандық сотының
жетекші маманы А.Мұхтарова