Медиация – татулықтың негізі

zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 01.06.2017 17:52 Фото: zakon.kz

Медиация - татулықтың негізі

 

«Еліңнің ішін даудан сақта, сыртын жаудан сақта» деген халық аузында жүрген қазақтың осы бір нақылында қанша мән- мағына жатыр. Ел тыныштығы мен бірлігінің, бейбітшілігің орын алуына даулы мәселелердің медиация жолымен шешілуіне өзіндік әсерін тигізбей қоймас.

Сот рәсімі - бұл әрқашан тараптар үшін оңайға соқпас. Қаралған істен ұтылып қалу қорқынышы басқа тарап жағына үлкен күйзеліс болуы мүмкін. Қандай да сот шешімі болмасын, тараптар арасындағы жанжал тек қиындап кетеді және олардың келешектегі қарым-қатынастары өзгерері анық. Осындай даулы мәселелерді жеңілдету барысында 2011 жылдан бастап Қазақстанда «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының заңы әрекет етіп, қызметін жалғастыруда.

Медиацияның басты мақсаты - екі жақты тарапты бірдей қанағаттандыратын және дауласушылық деңгейін төмендететін өзара тиімді әрі өзара қолайлы, бейбіт келісімге келу. Сот рәсімімен шешілетін істерден айырмашылығы - медиация барысында «кінәлілер» мен «кінәсіздер» деп бөліп қарастырмайды. Өйткені, бұл құқық саласы қылмыс жасаушылар қатарын бірыңғай бас бостандығынан айыру жолымен жазалауды емес, адам құқықтары мен бостандығын қорғауды және қалпына келтіруді көздейді. Яғни, медиация мүмкіндігіне қарай істі сотқа жеткізбей бітімге келу мақсатын көздейді.

Медиацияның тағы бір оңтайлы жағын атап өтер болсақ - қаржылық жағынан соттық шығынға қарағанда төмендігінде, тараптар өкілдердің қызметтеріне, мемлекеттік бажға және басқа да шығындарға шығындалмайды және уақыт жағынан да үнемдірек. Оның ерекшелігі - тараптардың еріктілігі және жеделдетілген шараның бейресмилігі, яғни өзара ынтымақтаса қимылдайды. Сондай-ақ, сот - жария үдеріс, ал медиация құпиялылықты қамтамасыз етеді, мәлім болған ақпаратты оны ұсынған тараптың келісімінсіз жария етуіне жол бермейді.

Өкінішке орай, біздің елде медиациямен шешу жолдары өте сирек, әлі қарқынды дами қойған жоқ. Бүкіл әлемде бұл рәсім жанжалды реттеудің ең әйгілі нысандарының бірі болып келеді. Көптеген жағдайларда, егер адамдар мәселені талқылау және келіссөздер жолымен шеше алатын болса, соттық тергеу немесе қарсы тұру кезіне қарағанда олар тез және жақсы нәтижеге қол жеткізеді. Болашақта медиация Қазақстанда кеңінен өріс алса, абыройын тағы бір мәрте көтерер еді. Яғни, татулық орнатылса жеңіп шығатын тараптардың екі есе көбейері сөзсіз.

 

 

Астана қаласының Алматы аудандық сотының

бас маманы Г.Саутбаева

zkadm
Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: