Алматы қаласында ЕурАзЭҚ шеңберіндегі техникалық реттеу саласындағы өзекті мәселелерді талқылау бойынша дөңгелек үстел өтті
Фото: zakon.kz
Алматы қаласында ЕурАзЭҚ шеңберіндегі техникалық реттеу саласындағы өзекті мәселелерді талқылау бойынша
дөңгелек үстел өтті
2018 жылдың 26 қаңтарында ТРМК Алматы қаласы бойынша департаменті «ҚазСтИн» РМК Оңтүстік филиалымен бірлесіп ЕурАзЭҚ шеңберіндегі техникалық реттеу саласындағы өзекті мәселелерді талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстелге «Бейбарс Газ» ЖШС, «АвтоГазАлматы» ЖШС, «Sinoil» ЖШС АФ, «Автогаз Трейд» ЖШС, «Еврогаз-Алматы» ЖШС, «Azimut» ЖШС, «Royal Petrol» ЖШС секілді Алматы қаласындағы АГҚС сұйытылған көмірсутекті газдардың желілік өткізушілері, сонымен қатар «ҚазМетрИн» ОҚФ, «ҰАО» ЖШС АӨ, өнімнің/қызметтің сәйкестігін растау органдары «НаЦЭкС» АҚ АФ, «НЦЭН «ORGANIC» ЖШС, «Oilsert International» ЖШС СРО өкілдері шақырылды.
Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті іс-шара қатысушыларына 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап отын ретінде өндірістік және коммуналдық-тұрмыста қолданылатын сұйытылған көмірсутекті газдарға, сонымен қатар автомобиль көлігі үшін мотор отыны ретін қолданылатын «Сұйытылған көмірсутекті газдарына отын ретінде пайдалану үшін қойылатын талаптар» (КО ТР 036/2016) қабылданған Кеден одағының Техникалық регламенті күшіне енгені жайлы және 2019 жылдың 1 шілдесіне дейін өтпелі кезең орнатылғанды туралы ақпаратты жеткізді. Сонымен қатар сұйытылған көмірсутекті газдарын сақтауға, тасымалдау, сатуға, сұйытылған мұнай газдарын өңдеу ережелеріне қандай талаптар қойылатыны жайлы, сондай-ақ ТР 036/2016 КО ТР талаптарының сақаталуы бойынша мемлекеттік бақылаудың (қадағалау) процедулары мен нысандары айтылып өтті.
«ҚазСтИн» РМК ОФ мамандары ҚР өнімді каталогтау жүйесі бойынша және ДСҰ мүше-елдердің (СТК және СФС бойынша) стандарттар мен техникалық регламенттерді әзірлеу туралы хабарламаны тарату мен қабылдау бойынша процедуларды тыңдаушыларға таныстырды.
Белсенді пікірталас барысында қатысушылар қазіргі кезде Қазақстан Республикасында автомобиль көлігі үшін мотор отыны ретін қолданылатын сұйытылған көмірсутек газдары өндірісінің жоқтығын атап өтті, яғни, ішкі нарыққа тек коммуналдық-тұрмыста ғана қолданылатын газ ғана жеткізіледі. Осыған байланысты бүгінгі күні республиканың уәкілетті мемлекеттік органдарынан және отандық өндірушілерден күшіне енген КО ТР 036/2016 барлық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін газды өндіру және сату мәселелері бойынша жедел және жүйелі шешім қабылдау қажет.
Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша қатысушыларды «KazEnergy Қазақстан мұнай-газ және энергетикалық кешені ұйымдары қауымдастығының» ЗТБ бірлесіп хат дайындап және оны ішкі газ нарығындағы ағымдағы жағдайдағы мәселелерді шешу үшін уәкілетті мемлекеттік органға жіберуге ұсынылды.