Бірінші сатыдағы сотта азаматтық істі қарау бойынша сот талқысы
Фото: zakon.kz
Бірінші сатыдағы сотта азаматтық істі қарау бойынша сот талқысы
Қарағанды облысының
мамандандырылған ауданаралық
экономикалық сотының судьясы Ержан Ғабдуллин
Сот талқысының түсінігі және маңызы. Сот талқысының белгілері. Істі қарауды кейінге қалдыру. Азаматтық іс бойынша сот өндірісін тоқтата тұру. Істі шешім шығармай аяқтау.
Сот талқысының түсінігі және маңызы. Азаматтық іс жүргізудің үшінші сатысы - бұл сот талқысы. Бұл істі шешуменен аяқталатын іс жүргізудің маңызды әрі негізгі кезеңі. Сот - талқысы - іс жүргізудің негізгі сатысы, ол орталықтанған кезең болып табылады, себебі дәл осы кезеңде сот оның алдында тұрған негізгі міндеттерді орындайды: істі негізі бойынша шешу- тараптар арасындағы дауды құқықтық қатынастарды реттеу, соттық қызметтің тәрбиелік әсерін қамтамасыз ету, заңды және жеке тұлғалардың заңмен қорғалатын мүдделері мен бұзылған құқықтарын қалпына келтіру.
Сотта іс қарау, яғни сот талқысы азаматтық іс жүргізудің маңызды кезеңі болып табылады, онда ең алдымен сот мәжілісінде істі қарау барысында сот субъективті құқықтар және қорғалатын мүдделерді қорғау, тәрбиелік әрекеттер жүзеге асыру бойынша негізгі міндеттерді орындайды. Мұнда әділ соттың барлық қағидалары толығымен әрекет етеді, дәлелдемелерді жан - жақты және объективті зерттеулер негізінде істі дұрыс шешу үшін маңызды болып табылатын мән - жайлар анықталады, нақты құқықтардың негізінде тараптардың құқықтары мен заңды міндеттері анықталады және дау бойынша сот мемлекет атынан шешім шығарады.
Осы сатыда сот төрелігі жүзеге асырылады. Мұнда негізінен заңдарды бұлжытпай орындау және жалпыға бірдей әрекеттерді құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында соттар азаматтар санасына әсер тигізуін қамтамасыз етеді.
Істі негіз бойынша қарау төрағалық етушінің іс материалдарын жариялаудан басталады. Тараптардың түсініктерінде мыналар қамтылуы тиіс, талаптың мәнісі және жауапкердің қарсылығы, талапты және қарсылықты негіздейтін мән - жайлар. Іске қатысушы тұлғалардың пікірлерін тыңдай отырып, судья істің мән - жайларын зерттеуге, дәлелдемелерді қарастыруға және тексеруге кіріседі.
Азаматтық іс бойынша сот өндірісін тоқтата тұру. Іс жүргізуді тоқтата тұру - бұл іс бойынша процессалдық әрекеттерді белгісіз мерзімге тоқтату. Үзіліс - сот мәжілісінің жүрісін немесе процесті жалғастыруға кедергі ететін әрекеттер салдарынан қысқа уақытқа тоқтату.
Үзілістің аяқталуы процестің жалғасуына әкеледі. Айрықша күрделі істер бойынша дәлелді шешім шығару бес күннен аспайтын мерзімге дейін қалдырылуы мүмкін. Сот талқысының аяқталуы шешімнің қорытынды бөлімін жария еткен сәттен бастап саналады. Осы сәттен кейін сот ісінің жүру қағидасы тоқтатылады. Істі қараудың кейінге қалдырылуы істі қарауға дайындықтың нашар болуының салдары немесе сот мәжілісінде олардың қатысуынсыз іс қаралмайтын жағдайларда тұлғалардың келмей қалуына байланысты болады.
Іс жүргізуді тоқтата тұру - заңда қарастырылған сот өндірісінің жүруіне кедергі келтіретін мән - жайлардың туындауына байланысты іс бойынша барлық процессуалдық әрекеттерді уақытша және толық тоқтату.
ҚР АПК-нің 272 - бабына сәйкес сот іс жүргізуді тоқтата тұруға мынадай жағдайларда міндетті:
1. Сот:
ҚР АПК-нің 273-бабының талабына сәйкес
Сот іс жүргізуді іске қатысушы тұлғалардың арызы бойынша немесе өз қарауы бойынша тоқтата тұруға құқылы:
ҚР АПК-нің 274-баында істі жүргізуді тоқтата тұру мерзімдері көрсетілген
Соттың іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру туралы ұйғарымына жеке шағым берілуі немесе прокурордың өтінішхаты келтірілуі мүмкін.
Істі шешім шығармай аяқтау. Ереже бойынша сот талқысы істің негізі бойынша сот нормалардан бас тартып істі шешім шағарусыз аяқтайды. Азаматтық іс жүргізу құқығы іс бойынша сот өндірісін тоқтату және арызды қараусыз қалдыру процестерінің аяқталуының екі нысанын қарастырады. Аталған нысандар негізі бойынша және оларды қолданудың процессуалдық салдары бойынша ажыратылады.
Сонымен, сот өндірісін тоқтату - істің тоқтату нысаны болып табылатын, соттың іс жүргізуді тоқтататын заңмен қарастырылған мән - жайлар.