Павлодар облысы алкогольден улану бойынша республикада бірінші орында тұр

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 28.04.2016 21:23 Zakon.kz
Жазатайым оқиғаларда қайтыс болғандардың саны соңғы жылдары азаймай отыр. Оның ішінде бірінші кезекте алкогольдік ішімдіктен улану салдарынан өлім көрсеткіші бойынша біздің аймақ бірінші орынды алады.

Павлодар облысы республика бойынша алкогольден уланудан көз жұмғандар рейтингінде көш бастап тұр, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы облыс әкімдігінің кеңейтілген отырысында өңірлік денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлан Қасымов мәлім етті.

- Жазатайым оқиғаларда қайтыс болғандардың саны соңғы жылдары азаймай отыр. Оның ішінде бірінші кезекте алкогольдік ішімдіктен улану салдарынан өлім көрсеткіші бойынша біздің аймақ бірінші орынды алады. Екінші орында жол көлік оқиғасы, үшінші орынды өзіне-өзі қол салу салдарынан көз жұму тұр. Бүгінде жол апаты салдары бойынша өлім көрсеткішінің 18 пайызға төмендегені байқалады, - деді Н. Қасымов.

Басқарма басшысының айтуынша, облыстық жедел жәрдем станциясы жол көлік оқиғасы орын алған жағдайда көмек көрсететін үйлестірушілермен қамтамасыз етілген. Ірі тас жолдарында санитарлық көлікпен және GPS-жүйесімен жабдықталған 28 медициналық тірек ұйым құрылған.

Ақбота Сейсенбаева

Фото:www.vitamarg.com

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: