Атқару парақтарын орындауға жолдау
Фото: zakon.kz
Атқару парақтарын орындауға жолдау
«Төрелік» бағдарламасында қылмыстық істер бойынша атқару парақтары төмендегі категориялар бойынша жолданады.
1) Сотталғанның мүлкін тәркілеу,
2) Сотталғаннан процессуалдық шығын өндіру,
3) Жәбірленуші пайдасыны моральдық және материалдық залар өндіру,
4) Баж өндіру,
5) Мемлекет кірісіне аудару,
6) Тыйымды алу.
Атқару парақтарын орындауға жолдар алдында сотталушының және жәбірленушінің жеке басына қатысты мәліметтердің дұрыстығы тексеріледі. «Төрелік» бағдарламасының бір айта кететін жері, сотталушыға немесе жәбірленушіге қатысты өқандай да бір реквизит толтырылмаған жағдайда атқару парағы орындауға жолданылмайды. Сот мәжілісінің хатшысы атқару парақтарының барлық графаларын толтырғаннан кейін ғана қол қою үшін төрелік етуші судьяға жолдайды. Судья қол қойғаннан кейін ғана ол автоматты түрде сот орындаушыларға түседі. Оларда автоматты түрде бөлу арқылы сот орындаушыларына жолданады. Тағы бір айта кететін жағдай қазіргі уақытта әрбір жолданған атқару парағы қай сот орындаушысына жолданғаны «Төрелік» бағдарламасында көрініп тұрады.
Тоқсан сайынғы ескертпе хаттар сот орындаушыларына жолданылып отырады.
Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық сотының
кеңсе бас маман-сот мәжілісінің хатшысы А.Қоханова