Азаматтық талапты қылмыстық процесте қарау

zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 24.09.2018 11:36 Фото: zakon.kz

Азаматтық талапты қылмыстық процесте
қарау

 

Азаматтың немесе заңды тұлғаның қылмыстық әрекет салдарынан шектірілген материалдық зиянды өтету үшін қылмыстық іс процесінде берген, қылмыстық іспен бipгe қаралатын талап-шағымы. Қылмыстық іске қатысты азаматтық талаптың мөлшері мен дәлелдеу негіздемелері қылмыстық іс жүргізу заңдары бойынша айқындалады. Егер азаматтық талап азаматтық ic жүргізу тәртібімен қаралмаған болса, онда ол қылмыстық ic қозғалған сәттен бастап сот тергеуі бacтaлғaнғa дейін ұсынылуы керек. Азаматтық талап қылмыстық істі жүргізуші тергеушіге, анықтау және сот органдарын аталап шағымын жазу аркылы қойылады. Азаматтық талапкер деп тану немесе одан бас тарту туралы анықтау органы, тергеуші және судья - қаулы шығарады. Сондай-ақ, қайтыс болған адамның асырауындағылар да азаматтық талап қоюға құқылы. Азаматтардың мемлекеттік және коғамдық мүдделері мен құқыларының қорғалуы қажет болған жағдайда, жәбірленушінің азаматтық талабын прокурордың өзi ұсынады немесе қолдайды.

Заңға сәйкес азаматтық талап бойынша жауапкершілікті айыпталушы емес, өзге адам (мысалы,кәмелетке толмаған айыпталушының заңды өкілі) көтеретін болса,онда ол кісі азаматтық жауапкер ретінде қатысады. Айыпталушы немесе оның істеген әрекеті үшін материалдық жауапкершілік арқалайтын өзге адамдардың мүліктерін тұтқындау арқылы азаматтық талапты қамтамасыз етіледі. Азаматтық талап берген кезде мемлекеттік алым төленбейді. Үкім шығару барысында сот азаматтық талап қанағаттандырылуға жата ма, жоқ па,кімнің пайдасына және қандай мөлшерде қанағаттандырылуға тиіс деген мәселені шешуге міндетті. Істеген қылмысына байланысты адамды айыпкер деп тани отырып, сот азаматтық талап негіздерінің дәлелденуіне және мөлшеріне орай оны толықтай немесе жартылай қанағаттандыруға; ал істелген қылмыстың салдарынан ешқандай материалдық зиян шектірілмегені анықталса, оны қанағаттандырудан бас тартуға жатқызады. Ерекше жағдайларда ғана, мысалы, азаматтық талаптьң мөлшерін есептеу мүмкін болмаған кезде,сот icтi қарауды кейінге қалдырмай-ақ, талапкердің талабын қанағаттандырумен шектеледі, ал оның мөлшері жөніндегі мәселенің шешімін табуды азаматтық іс жүргізу тәртібі бойынша сот қарауына жатқызады. Егер азаматтық талап берілмеген болса, бірақ сот істелген қылмыстық әрекет салдарынан материалдық зиян шектірілді деп ұйғарca, онда өз еркімен немесе прокурордың ұсынысымен зиянды өтеуге қатысты мәселені шешуге құқылы.

Сот ақтау үкімін шығару кезінде қылмыстық оқиға анықталмаса не сотталушының оған қатыстығы дәлелденбесе, сотталушының іс-әрекетінде қылмыстық құрамы болмаса, азаматтық талап қанағаттандырылмайды немесе қараусыз қалдырылады. Мұндай жaғдaй да талапкер азаматтық іс жүргізу тәртібімен азаматтық талабын қайтадан беруге құқылы.

 

 

 

Қарағанды облысы бойынша

қылмыстық істер жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық сотының

бас маман-сот отырысының хатшысы Г.Каратаева

 

 

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: