Жер мәселесіне қатысты даулар

zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 31.05.2019 18:45 Фото: zakon.kz

Жер мәселесіне қатысты даулар

 

Бүкілхалықтық реферемдумда қабылданған Конституциямыздың 6-бабында жерге мемлекеттік меншікпен қатар, жеке меншік құқығы танылатындығы жазылған.

Осыған байланысты 1995 жылдың 22 желтоқсанында Президенттің заң күші бар Жарлығы қабылданып, елімізде тұңғыш рет жерге меншік құқығы енгізілді.

Аталган Жарлықты одан әрі жетілдіру мақсатында елімізде 2001 жылы 24 қаңтарда «Жер туралы» заң қабылданды. Осы жылдар ішінде аталған заңдарды іске асыру мақсатында Жер ресурстарын басқару агенттігі Үкіметтің бірнеше актілерін дайындаған болатын. Жер кодексі іс жүзінде жер қатынастарының реттелуіне негіз болды.

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 22-бабына сәйкес, жер теліміне меншік құқығын табыстау меншік құқығын беру, меншік құқығының әмбебап құқықтық мирасқорлық тәртібімен ауысуы арқылы туындайды.

Жер телімінің меншік құқығы мемлекеттік органдар актілерінің, азаматтық-құқықтық мәмілелердің, Қазақстан Республикасының заңында кезделген өзге де негіздер арқылы пайда болады. Азаматтық кодекстің 188-бабына сәйкес, «Меншік құқығы дегеніміз - субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы».

Жер телімінің меншік иесі немесе жер пайдаланушы өзінің жер телімін өзгенің заңсыз иелігінен босатуды талап етуге құқығы бар. Өз бетінше мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер құрамынан иеленіп алған жер телімін кері қайтаруды талап етуді жер телімі орналасқан жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.

Істердің аталған санаты бойынша сотқа, әдетте, мынадай талаптар түсіп жатады:

1)жер телімін өзгенің заңсыз иелігінен талап ету туралы;

2)мәміленің жарамсыздығын мойындау туралы;

3)жер телімін пайдалану тәртібін белгілеу туралы

4)меншік құқығынан айырумен байланысты емес құқық бұзушылықтарды жою туралы.

Жер теліміне меншік құқығы және жер пайдалану азаматтық кодексте және де басқа заң актілерінде көзделген тәртіппен қорғалады. Жер телімін өзгенің заңсыз иелігінен қайтару талабы туралы дауларды шешу, жер телімін пайдаланудағы кедергілерді жою кезінде талапкердің атынан талап етілетін жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық органның талап арызы бойынша жер телімін белгілі-бір тәртіппен алып қою заңда көзделген және сот тәртібіне сәйкес шешіледі. Осы ретте, дауды сотқа дейін алдын-ала реттеудің тәртібі заңда көзделген.

Жер теліміне құқық орнататын құжаттар талап арызға қоса берілуі тиіс. Істі сот талқылауына дайындау аясында сот тараптардың өзара қатынастарын, даулы қатынастардың пайда болған уақытын, себебін анықтау, тараптарға даулы жер телімдеріне құқығын орнататын және сәйкестендіру құжаттарын ұсынуы қажет. Дауларды ауқымды бөлігін жер телімдерін босату бойынша талап арыздарға қатысты істер құрайды.

Жер телімдерін босату туралы талап арыздардың берілуіне жеке және заңды тұлғалардың рұқсатсыз жер телімін өз бетінше иеленуі негіз болып табылады. Бұл мәселені дұрыс шешу үшін жер телімін алып қою және өз бетінше иеленіп алынған жер телімін босатуға қойылатын талаптарды ажырата білу керек.

Егер тұлға өз бетімен құрылыс салған жағдайда Азаматтық Кодекстің 244 бабы, 3,4 тарауында көзделген жағдайларды қоспағанда, тұлғанынң өз есебінен бұзуына негіз болады. Осы жер телімі белгіленген тәртіп бойынша тұрғызылған құрылысты салуды жүзеге асырған жағдайда салынған құрылыс сот шешімінің негізінде тұлғаның меншігі деп табылады.

Бір жер теліміне құқықты белгілейтін құжат түрлі тұлғаларға берілген жағдайда туындайтын даулардың елеулі бөлігін құрайды, сондай-ақ жер телімдерінің меншік иелері арасындағы даулар жер телімінің шекарасы бұзылған жағдайда пайда болады. Өзінің жер телімін бөлу және қайта бөлу процессінде жерге орналастыруды жүргізу кезінде берілген жер телімін пайдалану құқығы жайлы мемлекеттік органдардың және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының шешімін, меншік құқығын және жер пайдалану құқығы туралы мемлекеттік актілерді жарамсыз деп танылған кезде істер қозғалады.

Меншік құқығын және жерді пайдалану құқығын ұсынған немесе тоқтатқан кезде жер заңнамасы нормалардың бұзылуы, азаматтарға жер теліміндеріне құқық беру, олардың шекарасын белгілеу туралы әкім шешімдері мен әкімдік қаулыларының заңсыздығы, жер қатынастары саласындағы мемлекеттік уәкілетті органдардың әрекетсіздігі туындайтын даулардың негізгі себептері болып табылады.

 

Қарағанды облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Е.М.Габдуллин

 

zkadm
Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: