Посещение ТОО «Омега Специи» в городе Алматы
Посещение ТОО «Омега Специи» в городе Алматы
4 июля 2019 года специалисты Департамента Комитета технического регулирования и метрологии по г. Алматы совместно с представителями Палаты предпринимателей г.Алматы, ЮКФ РГП «КазИнМетр», филиала РГП «КазИнСт» по г.Алматы посетили торгово-производственную компанию ТОО «Омега специи» с разъяснением законодательства, нормативных правовых актов и нормативных документов в области технического регулирования, стандартизации, метрологии и аккредитации.
ТОО «Омега специи» образована в 1998 году. Основным видом деятельности компании является разработка, производство и фасовка приправ, пряностей, супов быстрого приготовления, киселей и кулинарных добавок под торговой маркой «Омега специи». Главной задачей компании является обеспечение населения Республики Казахстан и сопредельных государств высококачественными пищевыми продуктами и ингредиентами, предназначенными повысить эстетические и вкусовые качества готовых блюд. Ассортимент производимой продукции состоит из пяти основных групп. Первая группа - это приправы и специи. Вторая группа - пряности. Третья группа - супы быстрого приготовления. Четвертая группа - кисели. Пятая группа - кулинарные добавки.
Потребительские свойства продукции компании характеризуются такими показателями как вкусовые качества, безопасность продукции, пищевая ценность продукции, использование высококачественного сырья, обеспечение всех требований технологического процесса, оптимальные сроки годности. Качество продукции обеспечивается наличием внутренней системы качества, основанной на регламентации и документации производимой продукции, а также постоянного контроля исполнения этих процедур и качества производимой продукции на всех этапах производства.
По результатам посещения сотрудникам ТОО «Омега специи» были разъяснены требования законодательства Республики Казахстан в части технического регулирования, стандартизации, метрологического обеспечения производства, маркировки готовой продукции.
В ходе встречи ТОО «Омега специи» было внесено предложение о включении в План государственной стандартизации на 2020 год разработанных стандартов организации с целью их использования в качестве национальных стандартов.
Алматы қаласында «Омега Специи» ЖШС- не барды
2019 жылдың 4 шілдесінде Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің мамандары Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасының,«ҚазМетрИн» РМК ОҚФ, Алматы қаласы бойынша «ҚазСтИн» РМК филиалының өкілдерімен бірлесіп, техникалық реттеу, стандарттау, метрология және аккредиттеу саласындағы заңнаманы, нормативтік құқықтық актілерді және нормативтік құжаттарды түсіндіру мақсатында сауда-өндірістік компаниясы «Омега специи» ЖШС-не барды.
«Омега специи» ЖШС 1998 жылы құрылған. Компания қызметінің негізгі түрі «Омега специи» сауда белгісімен дәмдеуіштер, дәм-татымдықтар, тез дайындалатын сорпалар, кисельдер және аспаздық қоспаларды әзірлеу, өндіру және буып-түю болып табылады. Компанияның басты міндеті Қазақстан Республикасы мен іргелес мемлекеттердің халқын жоғары сапалы тамақ өнімдерімен және дайын тағамдардың эстетикалық және дәмдік сапасын арттыруға арналған ингредиенттермен қамтамасыз ету болып табылады. Өндірілетін өнімнің ассортименті бес негізгі топтан тұрады. Бірінші топ - дәм қосарларр мен дәмдеуіштер. Екінші топ - дәм татымдықтар. Үшінші топ -тез дайындалатын сорпа. Төртінші топ - киселдер. Бесінші топ - аспаздық қоспалар.
Компания өнімінің тұтынушылық қасиеттері дәмдік сапа, өнімнің қауіпсіздігі, өнімнің тағамдық құндылығы, жоғары сапалы шикізатты пайдалану, технологиялық процестің барлық талаптарын қамтамасыз ету, оңтайлы жарамдылық мерзімдері сияқты көрсеткіштермен сипатталады. Өнімнің сапасы - өнімнің регламентациясы мен құжаттамасына негізделген ішкі сапа жүйесінің болуымен, сондай-ақ өндірістің барлық кезеңдерінде осы процедуралардың орындалуын және өндірілетін өнімнің сапасын тұрақты бақылаумен қамтамасыз етіледі.
«Омега специи» ЖШС қызметкерлеріне техникалық реттеу, стандарттау, өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету, дайын өнімді таңбалау бөлігінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары түсіндірілді.
Кездесу барысында «Омега специи» ЖШС әзірленген ұйым стандарттарын ұлттық стандарттар ретінде пайдалану мақсатында Мемлекеттік стандарттаудың 2020 жылғы жоспарына енгізу туралы ұсыныс енгізілді.