Өлшем құралдарына қандай талаптар қойылады
Өлшем құралдарына қандай талаптар қойылады
Қазіргі заманда өлшеу құралдары барлық адамзаттың барлық қызмет ету аясында денсаулық, ғылыми зерттеу, азық-түлік өндірістері, көлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сонымен қатар спорттық рекордтарды тіркеуде қолданылады.
Бірақ, барлық өлшеу нәтижелеріне қалай көз жеткізуге болады, жанармай құятын колонка арқылы ақысы төленген мөлшерде жанармай құйылғанын немесе медициналық өлшеу құралдарының нәтижесі бойынша сізге қойылған диагноз нақты екеніне сенуге бола ма? Бұл сұрақтар «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасы Заңымен реттеледі, соған сәйкес өлшеу құралдары міндетті мерзімді салыстырып тексеруден өткізіледі.
Осы заң Қазақстан Республикасының аумағында 2000 жылдың 7 маусымынан бастап әрекет етеді, толықтырулармен 2018 жылдың 5 қазанынан.
«Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес мемлекеттік метрологиялық бақылау объектілері болып табылатын өлшем құралдары айналымға шығарылу алдында олардың типі бекітілгеннен кейін немесе метрологиялық аттестаттаудан және өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркелгеннен кейін, жөндеуден кейін пайдаланылу кезеңінде салыстырылып тексеріледі.
Өлшем құралдарын салыстырып тексеруге аккредиттелген заңды тұлғалар мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын жағдайларды қоспағанда, салыстырып тексерілетін өлшем құралдары туралы деректерді электрондық есепке алуды және уәкілетті орган айқындаған тәртіппен оларды мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталыққа беруді жүзеге асыруға тиіс.
Өлшем құралдарын салыстырып тексеруді аккредиттелген заңды тұлғалардың аккредиттелген салыстырып тексерушілері өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемесіне сәйкес жүзеге асырады. Салыстырып тексерушілерді аттестаттау уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен бес жылда бір рет жүзеге асырылады.
Өлшем құралдарын салыстырып тексерудің оң нәтижелері өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемесінде белгіленген талаптарға сәйкес салыстырып тексеру таңбасының бедерімен және салыстырып тексеру туралы сертификатпен куәландырылады.
Физикалық шамалардың өзгерістерін олардың мәндерін нормаланған дәлдікпен шамалар бірліктерінде бағалаусыз байқау үшін қолданылатын өлшем құралдары салыстырып тексеруге жатпайды. Мұндай техникалық құралдардың жарамдылығын бақылауды оларды пайдаланушылар жүзеге асырады.
Типін бекітуге және салыстырып тексеруге жатпайтын өлшем құралдарына ерікті түрде калибрлеу жүргізілуі мүмкін.
Өлшем құралдарын калибрлеу осы өлшем құралдарын жасаушы, иесі немесе пайдаланушы айқындайтын тәртіппен орындалады.
Шама бірліктерінің эталондарын және өлшем құралдарын калибрлеу нәтижелері өлшем құралына басылатын калибрлеу белгісімен және (немесе) калибрлеу туралы сертификатпен куәландырылады. Калибрлеу туралы сертификатта өлшемдердің метрологиялық сипаттамаларының шынайы мәндері, метрологиялық бақылап тексерілуі, өлшем белгісіздігі және белгілі бір метрологиялық сипаттамаларға сәйкестігі туралы мәлімдеме көрсетіледі.
Толығырақ ақпаратты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінен ала аласыздар.
Біздің мекен-жайымыз: Алматы қаласы, Жандосов көшесі, 2, байланыс телефондары: 8 (727) 392-13-66. Электрондық адрес: ktrm_almaty@mail.ru.
Алматы қаласы бойынша Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің мемлекеттік инспекторы - Б.Султанова
Какие требования установливаются к средствам измерении
В современном мире измерительные приборы используются во всех сферах человеческой деятельности в здравоохранении, научных исследованиях, производстве продуктов питания, транспортной безопасности, а также используется для записи спортивных рекордов.
Но как вы можете убедиться во всех результатах измерений, будь то топливо, заправленное в топливный бак, или диагноз, который был вам поставлен в соответствии с медицинскими измерительными приборами? Эти вопросы регулируются Законом Республики Казахстан «Об измерении единства», согласно которому средства измерений подлежат обязательной периодической поверке.
Данный закон действует на территории Республики Казахстан с 7 июня 2000 года, с внесением изменений от 5 октября 2018 года.
Средства измерений, являющиеся объектами государственного метрологического контроля в соответствии с Законом Республики Казахстан «Об измерении единства», после утверждения их типа или метрологической аттестации и регистрации в реестре государственной системы обеспечения единства измерений перед выпуском в обращение, после ремонта, в период эксплуатации подвергаются поверке.
Поверка средств измерений осуществляется аттестованными поверителями аккредитованных юридических лиц в соответствии с методикой поверки средств измерений. Аттестация поверителей осуществляется один раз в пять лет в порядке, определяемом уполномоченным органом.
Положительные результаты поверки средств измерений удостоверяются оттиском поверительного клейма в соответствии с требованиями, установленными в методике поверки средств измерений, и сертификатом о поверке.
Средства измерений, применяемые для наблюдения за изменениями физических величин без оценки их значений в единицах величин с нормированной точностью, поверке не подлежат. Контроль за исправностью таких технических средств осуществляют их пользователи.
Средства измерений, не подлежащие утверждению типа и поверке, могут в добровольном порядке подвергаться калибровке.
Калибровка средств измерений выполняется в порядке, определяемом изготовителем, владельцем или пользователем этих средств измерений.
Результаты калибровки эталонов единиц величин и средств измерений удостоверяются калибровочным знаком, наносимым на средство измерений, и (или) сертификатом о калибровке.
В сертификате о калибровке указываются действительные значения метрологических характеристик, метрологическая прослеживаемость измерений, неопределенность измерений и заявление о соответствии определенным метрологическим характеристикам.
Более подробную информацию Вы можете получить в Департаменте Комитета технического регулирования и метрологии Министерства Торговли и интеграции РК по г. Алматы.
Наш адрес: г. Алматы, ул. Джандосова, 2. Тел.: 8 (727) 392-13-66. Е-mail: ktrm_almaty@mail.ru.
Государственный инспектор Департамента Комитета технического регулирования и метрологии г.Алматы - Б. Султанова