Лента новостей
0

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңын мүлтіксіз орындау

zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 17.04.2020 17:25 Фото: zakon.kz

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңын мүлтіксіз орындау

 

 Сыбайлас жемқорлық қоғам үшін ең қауіпті құқықбұзушылықтардың бірі, себебі Елдің Ұлттық Қауіпсіздігіне, өсіп-өркендеуіне бірден-бір кедергі келтіретіні анық.Бұл құқықбұзушылық барлық мемлекетте бар, оны түп-тамырымен жою мүмкін болмаса да, елдегі санын азайтуға толық мүмкіндік бар деп ойлаймын.Соңғы жылдары Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлықпен күресуді күшейту жұмысы үздіксіз жүргізілуде және әрдайым жетілдіру үстінде. Қазақстан Республикасы Совет Одағы кезіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірінші күрес жүргізген мемлекеттердің бірі.1998 жылы 02 шілде де ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңы, оған қоса «ҚР Қылмыстық кодексі» басшылыққа ала отырып сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізген. Жемқорлықты жеңу Қазақстан үшін Елбасы Н.Ә. Назарбаев нақты белгілеген мемлекеттік саясаттың негізіг бағыттарының бірі болып табылады. Сол себепті Президент өзінің «Қазақстан-2050» стратегиясында дамыған мемлекеттің жаңа саяси басымдықтарының бірі ретінде сыбайлас жемқорлықпен күресті атап көрсетті. ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңында сыбайлас жемқорлыққа мынандай анықтама берген: бұл- «... жеке түрде немесе делдалдар арқылы мүліктік игіліктерді заңсыз алу және мемлекеттік қызмет атқарушы тұлғалардың сондай-ақ оларға теңестірілеген тұлғалардың өз лауазымдық өкілеттіктері мен өкілеттіктеріне қатысты мүмкіндіктерін мүліктік пайда табу үшін жеке басына пайдалануы, сондай-ақ аталмыш тұлғаларға жеке және заңды тұлғалардың көрсетілген игіліктер мен жеңілдікдерді құқыққа қайшы түрде пара ұсыну жолымен сатып алуы». Қарапайым тілмен айтар болсақ, сыбайлас жемқорлық- бұл қызмет дәрежесін жеке мақсатта пайдалану. Сыбайлас жемқорлықты білдіретін белгілердің бірі пара алу немесе пара беру болып табылады. Пара дегеніміз не?! Бұл лауазымды тұлғаның басқа бір тұлғадан лауазымына қатысты көрсететін қандай да бір қызмет түріне берілетін ақша немесе өзге игіліктерді алуы. Бұл жағдайда көрсетілген ақша мен игіліктерді әрдайым парақордың жеке өзі алмайды, оларды көбіне оның жақын адамдарына немесе жасанды жалған ұйымдарға ұсынады. Сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізетін қауіпі қандай? Кез-келген жағдайда заңға бағыныштылық болмаса адамзат үшін қауіпті, өйткені заң билігі әділ болмаса, ол кез келген адамды бүлдіруі мүмкін.

 1) Сыбайлас жемқорлық азаматтардың конституциялық құқықтары мен еркіндіктерінің шындап бұзылуына әсер етеді;

 2) сыбайлас жемқорлық қылмыстың субъектілері әдетте жоғары қоғамдық жағдайда боладды;

 3) ерекше беймәлімсіздік- бұл құбылыс туралы толық деректің немесе көрнекі дәлелдің жоқтығы, қылмыстық сотқа тартылатын кінәлі тұлғалардың аздығы және олардың тек бірен-сараңына ғана шыйнайы қылмыстық жаза қолданылуы;

 4) сыбайлас жемқорлық мемлекеттік аппаратқа деген шынайы сенімді жойдырады, оның беделін түсіреді;

 5) аталмыш құбылыс мемлекеттік өкімет құрылымдарында тез тарайды;

 6) сыбайлас жемқорлық әрекеттер әдетте кәсіби емес адамның тексеріп қарауына қиын соғатын күрделі өзіндік және құпия мемлекеттік қызмет түрлерінде жасалады.

 Әлемде сыбайлас жемқорлықпен күресу механизмінің барлық мемлекеттерге тиімді болатындай бірегей жинағы жоқ. Әрбір мемлекеттің сыбайлас жемқорлықпен күресудегі әдістері өзгеше, ол мемлекеттің саяси және экономикалық, сонымен қатар әдет-ғұрып, салт-дәстүр, діни ерекшелігі мен құқықтық мәдениет деңгейіне және алатын аумағына, халқының саны мен орналасу тығыздығына да байланысты болып келеді. Сондықтан «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңын мүлтіксіз орындау арқылы біз еліміздің өсіп-өркендеуіне, дамуына үлес қоса аламыз және өзімізді құқықбұзушылықтан құтқара аламыз.

 

Қарағанды облысы бойынша

қылмыстық істер жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық

сотының жетекші маманы

Ақерке Несіпбек

 

 

 

 

zkadm
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: