Лента новостей
0

Асқар тауым Елбасы!

zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 28.03.2014 19:25 Фото: zakon.kz
Юрист

Елбасының дәстүрлі Жолдауында Стратегия-2050-дегі басты мақсаттарға жетуді көздейтін барлық іс-әрекеттеріміз нақты қағидаттарға негізделуге тиіс деп айтылған.

Экономикада, саясат пен әлеуметтік тұрмыста ешбір секіріске, жөнсіз сынақ пен авантюраларға жол беруге болмайды. Айналамыздағы әлем қалай тез өзгеретін болса, еліміз бен қоғамымыз да солай жылдам өзгеруге тиіс.

Біз экономикамызға шетелдік инвестициялар, технологиялар мен инновацияларды кеңінен тартатын боламыз. Инвесторлар үшін жұмысқа қолайлы жағдайлар жасаймыз. Біз дамыған 30 елдің тобына кірудің осы маңызды тетігі арқылы экономикамыздың өңірлік, жаһандық экономикалық жүйемен терең ықпалдасуын айқын көріп отырмыз. Бұл, ең алдымен, Еуразиялық экономикалық одақ қалыптастыруға қатысуымызға, Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруімізге байланысты.

Үшіншіден, бұл - қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру қағидаты. Қарапайым адамдардың әлеуметтік көңіл-күйі біздің басты мақсатқа ілгерілеуіміздің маңызды индикаторы болуға тиіс.

Төртіншіден, бүкілхалықтық қолдау қағидаты маңызды мәнге ие.

Менің халыққа Жолдауым біздің мақсаттарымыз бен міндеттерімізді түсіндіретін басты құжат болып табылады . Әрбір министр, әкім, кәсіпорын басшысы осы Жолдауды түсіндіру жұмысына және оған баршаны қатыстыру ісіне жетекшілік етуге тиіс. Жолдаудың мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыру жөніндегі нақты шаралардан әрбір қазақстандық хабардар болуы қажет.Ол үшін ең алдымен мемлекеттік қызметшілердің өздері Стратегиямыздың идеяларын білуге және мәнін терең ұғуға тиіс.

Осы берілген тапсырмаларды жүзеге асыруды барлығымыз ұдайы назарымызда ұстауымыз керек.

Қазақстан Республикасының Конституциясы Заңының 2-бабында Қазақстан Республикасы Президенттік басқарудағы унитарлық мемлекет болып нақтыланған және Қазақстан Республикасының егемендігі барлық терриоториялық аймақта айқындалған.

Осынау ұлан байтақ жерімізді салдарлы салиқалы саясатымен басқарып отырған қазақ халқының арда туған ұлы реформатор Н. Ә. Назарбаевтың ұстанған жолы мен бағыты айқын.

Осы кезеңде арда туған алтынның сынығы тұлпардың тұяғы болған Нұрекеңнің тектілігімен «Тентектігін теле алмаған ел бола алмайды» деп айтқан сөздері әрбір қазақстандықтың жадында болуы керек деп ойлаймын.

Бізге тұрақтылық пен бейбітшілік қажет.

Елбасы Тұрақтылықты қамтамасыз етіп Таулы Қарабақтағы өтпелі кезеңдердегі жанжалдың алдын алған Елбасымыз әрқашан аман болсын.

Әлемдік дәрежедегі түрлі бағыттардағы көп векторлы саясаттың салқынын Қазақ еліне тигізбей ұлы көшті бастаған Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ұстанған саясатын толық қолдап жүргізу әр бір қазақстандықтардың парызы екенін ұмытпауымыз керек.

Құрметпенен,

Шерубаев Даурен Әлімбайұлы

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: