Лента новостей
0

Астанада ҚР ҚК-нің жаңа авиациялық-техникалық орталығы салынуда

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 02.02.2016 21:19 Zakon.kz
Астанада авиациялық техниканы құрастыру, жөндеу және техникалық қызмет көрсету жөніндегі алғашқы көпбейінді кәсіпорын құруды аяқтауда.

Қазақстанның қорғаныс-өнеркәсібі кешенін дамыту шеңберінде «Қазақстан Авиациялық Индустрия» ЖШС ҚР Қарулы Күштерінің Әуе қорғанысы күштерімен бірлесіп Астанада авиациялық техниканы құрастыру, жөндеу және техникалық қызмет көрсету жөніндегі алғашқы көпбейінді кәсіпорын құруды аяқтауда,- деп мәлімдеді ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Келешектегі авиациялық-техникалық орталықтың өндіріс нысандарының ауданы 6 000-нан аса шаршы метрді құрайды. Аталмыш орталық осы жылдың мамыр айында іске қосылады. Жаңа орталықтың мүмкіндіктерінің алғашқы көрсетілімі «KADEX-2016» қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесі барысында жүзеге асырылады. Авиаорталық авиациялық техникаға қызмет көрсету бойынша жоғары технологиялық өндіріс базасын құруға бағытталған. Бұл жерде Қазақстан Әскери-әуе күштері техникасына сервистік қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Орталық пайдалануға берілгеннен бастап Су-30 жойғыштары мен С-295, Ан-26 және Ан-72 әскери-көлік ұшақтарын жөндеу үшін өндіруші кәсіпорындарға ұшу аппараттарын жөнелту қажеттілігі туындамайды. Тиісті дайындықтан өткен қазақстандық техникалық персонал ұшақтардың қызмет етуіне дейін ұшу қорын қамтамасыз етеді.

Мамандардың айтуынша, Қазақстанның географиялық орналасуы мен өндіріс қуаты жаңа авиациялық-техникалық орталыққа еліміздің Қарулы Күштерінің мүддесінде мүмкіндіктерді іске асырып қана қоймай, сонымен бірге өңірлік деңгейге шығуға мүмкіндік береді. Бұл Мемлекет басшысы белгілеген Қазақстанның индустриалды-инновациялық даму старегиясының айқын түрде жүзеге асуы болмақ.

Фотосурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: