Лента новостей
0

Үш баланы өрттен құтқарған 11 жастағы Алматылық марапатталды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 02.02.2016 23:24 Zakon.kz
5-сынып оқушысы, 11 жастағы Сатыбалды Данияр «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төсбелгісімен марапатталды.

Марапаттау рәсімі Даниярдың ерлігі мектеп оқушыларына үлгі болсын деген ниетпен, өзі оқитын Алатау ауданының Ұлжан-1 ықшам ауданында орналасқан №152-ші мектеп-гимназиясында болды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Төсбелгіні Даниярдың кеудесіне Алматы қ. ТЖД Өрт сөндіру және апаттық құтқару қызметінің бастығы, азаматтық қорғаныс подполковнигі Руслан Қасыбаев тағып, оның ерлігі басқа да жасөспірімдерге үлгі екендігін айтып, оған оқуда озат болуына және халқын сүйген ер-азамат болып өсуіне тілектестік білдірді.

Естеріңізге сала кетелік, Алматы қалалық ТЖД хабарлауынша, 2015 жылдың 11 қарашасында 12 сағат 04 минутта Алматы қ. Алатау ауданының, Ұлжан-1 ықшам ауданындағы Тәкежанов көшесі бойында орналасқан № 64-ші тұрғын үйден өрт шыққан болатын. Үйде сол сәтте 2004 жылы туған Сатыбалды Данияр Айдынұлы, 2007 жылы туған Сатыбалды Гүлмира Айдынқызы, 2008 жылы туған Сатыбалды Динара Айдынқызы және 2012 жылы туған Сатыбалды Дамир Айдынұлы болған. Ал ересектерден ешкім болмаған. Өрт салдарынан бөлмелер түтінге тола бастаған. Сол арада Сатыбалды Данияр өрт сөндірушілер келем дегенше, терезенің әйнегін сындырып, бауырларын осы терезе ойығы арқылы сыртқа алып шығып, тілсіз жаудан құтқарып қалады. Ең соңынан терезе арқылы өзі шығып жатқан сәтте сол жақ жамбасынан жарақат алады.

2016 жылғы 8 қаңтарда ҚР Ішкі істер министрі Қ. Қасымов адам өмірін құтқаруда ерлік және жанқиярлық танытқан Сатыбалды Данияр Айдынұлын «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төсбелгісімен марапаттау туралы тиісті бұйрыққа қол қойды.

Автор: Жаппарберген Айбота

Фотосурет: ҚазАқпарат

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: