9 жасар бала түнімен құдықта отырып, сырттан көмек күткен

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 08.02.2016 16:21 Zakon.kz
Ақмола облысында 9 жасар бала мектептен қайтып келе жатып жоғалып кетіп, ертеңіне азанда ғана аман-есен табылды.

Ақмола облысында 9 жасар бала мектептен қайтып келе жатып жоғалып кетіп, ертеңіне азанда ғана аман-есен табылды. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі дерегіне сілтеме жасап, ҚазАқпарат хабарлады.

Облыстың Астрахань ауданының орталығы - Астраханка ауылында көше бойымен ойнап келе жатқан бала кенет аяғы тайып кетіп, жолдың жиегіндегі құбыр құдығына құлайды. Оқиға 5 ақпан күні кешке орын алған.

Біраздан кейін мектептен қайтқан оқушы баланың үйіне жетпегені белгілі болғасын оны жаппай іздеу басталады. Оған «Өрт сөндіруші және апаттан құтқару жұмыстары» мемлекеттік басқармасының 10 қызметкері мен 2 техника бірлігі, жергілікті атқару органдарының 6 қызметкері, жергілікті 26 тұрғын жұмылдырылды.

Бала 6 ақпан күні таңертең құдықтан табылды. Оның жағдайы бірқалыпты деп бағаланды.

Аталмыш факт бойынша тексеру жұмыстары жүргізіледі.

Сурет: www.izhevskinfo.ru

Поделитесь новостью
Поделитесь новостью:
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: