Еліміздің батысы мен солтүстік-шығысында ауа райы жауын-шашынды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 05.03.2016 15:53 Zakon.kz
Қазгидрометтің мәліметінше, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Республиканың батыс және солтүстік-шығыс бөлігінде атмосфералық ағымдардың өтуінен кей жерлерде ауа райы жауын-шашынды, көктайғақ, тұман, бұрқасынмен қоса жел күшейеді. Қазақстанның қалған аумағында күн ашық, деп хабарлайды BNews.kz.

Қазгидрометтің мәліметінше, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Қарағанды, Ақмола, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман, жел 15-20 м/с дейін күшейеді деп күтілуде. Қостанай облысының кей жерлерінде – тұман, көктайғақ.

Солтүстік Қазақстан облысын тұман басып, көктайғақ болады, жел тұрады, бұрқасындатады. Алматы облысы Жалаңашкөл ауданында желдің күші 18-23, екпіні 28 м/с жетеді.

Фото: o-planete.ru

Поделитесь новостью
Поделитесь новостью:
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: