Қытайдың халық құрылтайындағы үкімет есебінде Қазақстан туралы айтылды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 05.03.2016 17:26 Zakon.kz
Бүкілқытайлық халық өкілдері құрылтайының жыл сайынғы сессиясы Қытайда жылдың ең маңызды ішкі саяси оқиғасы болып есептеледі.
Қытай өндірістік қуаттылық пен жабдықтарды шығару саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейтеді. Бұл туралы Бүкілқытай халық өкілдері құрылтайының (БХӨҚ) жыл сайынғы сессиясының ашылуында ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Кэцяннің үкімет жұмысы туралы баяндамасында мәлім етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өндірістік қуаттылықтар саласында Қытай тиісті тетіктерді қалыптастырудың негізінде Қазақстан, Эфиопия, Бразилия және басқа 14 елмен екіжақты халықаралық ынтымақтастықты құрды», - деп атап өтіледі құжатта.

2016 жылға белгіленген негізгі міндеттердің арасында басты елдермен маңызды өнеркәсіп өндірістеріне қатысты өндірістік қуаттылықтар саласындағы ынтымақтастық жобаларының банкін құру аталып өтілген.

«Провинциялар мен автономдық аудандардың, басты елдермен жетекші кәсіпорындардық ынтымақтастық тетігін құрып, жетілдіру, күрделі қауіп-қатерлерді басқару тетігін жақсарту», - делінген баяндамада.

Елдің жоғары заң шығарушы органы - Бүкілқытайлық халық өкілдері құрылтайының жыл сайынғы сессиясы Қытайда жылдың ең маңызды ішкі саяси оқиғасы болып есептеледі. Үкімет жұмысының есебін тыңдаған 3 мыңға жуық депутат ел бюджетін қабылдап, елдің 2016-2020 жылдары әлеуметтік-экономикалық дамуының векторын анықтайтын 13-ші бесжылдықтың жобасын талқылайды.
Поделитесь новостью
Поделитесь новостью:
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: