Қазақстан халқы бір жылда 257,1 мың адамға артты

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 17.05.2016 23:55 Zakon.kz
2016 жылғы 1 сәуірге еліміздегі халық саны 17733,2 мың адамды құрады.

2016 жылғы 1 сәуірге еліміздегі халық саны 17733,2 мың адамды құрады. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетіне сілтеме жасай отырып primeminister.kz хабарлайды.

«2016 жылғы 1 сәуірге еліміздегі халық саны 17733,2 мың адамды құрады, соның ішінде қалалықтар – 10113,8 мың (57%), ауылдықтар – 7619,4 мың адамды (43%) құрады. 2015 жылғы 1 сәуірмен салыстырғанда халық саны 257,1 мың адамға немесе 1,47%-ға өсті», - делінген хабарламада. АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілері жазбаларындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2016ж. қаңтар-наурызда туылғандар саны 99,4 (2015 жылғы қаңтар-наурызда – 92,1) мың адамды құрады, бұл 2015ж. қаңтар-ақпанға қарағанда 7,9%-ға көп.

Туу кезектілігі бойынша бірінші, екінші және үшінші туғандардың үлес салмағы сәйкесінше 31% (32%), 29% (29%) және 19%-ды (18%) құрады. Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға 22,47 (21,31) туылғандарды құрады. Қарастырылып отырған кезеңде қайтыс болғандар саны 34,4 (33,2) мың адамды құрады, бұл 2015ж. қаңтар-наурызға қарағанда 3,6%-ға көп. Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға 7,78 (7,70) қайтыс болғандарды құрады. 2016ж. қаңтар-наурызда республика халқының табиғи өсімі 2015ж. қаңтар-наурызбен салыстырғанда 6,1 мың адамға немесе 10,4%-ға көбейіп, 65,0 (58,9) мың адамды құрады. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 14,69 (13,61) адамды құрады.

Көші-қон полициясы органдары ұсынған келу/кетуді статистикалық есепке алу талондарындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде 2016 жылғы қаңтар-наурызда елімізге тұрғылықты тұруға келгендердің тіркелу саны (көшіп-қонушылар) 2015 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 26,7%-ға кеміп, 3053 адамды құрады. Елімізден кеткен көшіп-қонушылардың тіркелу саны 20,3%-ға көбейіп, 5434 адамды құрады, көші-қонның айырымы 2381 адам болды. Еліміздегі негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен болуда. ТМД елдерінен келгендердің және сол елдерге кеткендердің үлесі, тиісінше, 75,2% және 87,7%-ды құрады.

Қарастырылып отырған кезеңде 2015ж. қаңтар-наурызбен салыстырғанда ел ішінде көшіп-қонушылар саны 16,6%-ға азайып, 97660 адамды құрады. Өңіраралық көшіп-қонушылардың үлесіне еліміздің жалпы ішкі көшіп-қонушылар санының 42,5%-ы тиесілі. Өңіраралық көші-қонның оң айырымы Алматы (8586 адам) қаласында және Ақмола (320 адам), Қостанай (318 адам), Маңғыстау (291 адам), Павлодар (280 адам), Атырау (83 адам) облыстарында қалыптасты.

Фото:genius-kids.ru

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: