Әділбек Ниязымбетов Қытайда өтіп жатқан лицензиялық турнирді жеңіспен бастады

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 29.03.2016 18:36 Zakon.kz
Қытайдың Цяньан қаласында Азия және Мұхит аймағы бойынша Олимпиада ойындарының лицензиялық турнирі өтіп жатыр.

Қытайдың Цяньан қаласында Азия және Мұхит аймағы бойынша Олимпиада ойындарының лицензиялық турнирі өтіп жатыр. Қазақстандық боксшы Әділбек Ниязымбетов (81 келі) өзінің алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті. Ол 1/8 финалда Оңтүстік Корея елінің спортшысы Хегун Янды 3:0 (30:27, 29:28, 30:27) есебімен ұтты, деп жазады «Қазақстан» ҰТА.

Айта кетейік, бұған дейін жарыстың ширек финалына Абылайхан Жүсіпов (64 келі), Олжас Сәттібаев (52 келі), Дариға Шәкімова (75 келі), Назым Ищанова (60 келі) және Жанібек Әлімханұлы (75 келі) шықты.

Фото: Данияр Майлыбаев, ҚБФ


Поделитесь новостью
Поделитесь новостью:
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: