Алма ерте өлім қаупін төмендетеді - Австралия ғалымдары

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 04.04.2016 15:32 Zakon.kz
Алманың құрамында қан тамырларын босаңсытатын, обыр ауруының алдын алатын жасушалар мен флавонидтер бар.

Алманың адам денсаулығына пайдасы зор екені о бастан-ақ белгілі. Ал, Батыс Австралия университетінің ғалымдары алманың тағы бір ерекше қасиетін ашты. Олардың пайымынша, күнделікті алма жеп отырған адамдарда ерте өлім қаупі 35 пайызға дейін азаяды екен, деп жазады "Қазақстан" ҰТА.

Мамандар бұндай қорытындыны 70 пен 85 аралығындағы 1456 зейнеткерді 15 жыл бойы зерттеу барысында шығарды. Ғалымдар қарттардың күнделікті қандай жеміс жеп отыратынына назар аударды. Белгілі болғандай, алманың әйелдер денсаулығына анағұрлым зор ықпалы бар екен.

Ғалымдар өз зерттеуінде күніне кем дегенде бір алмадан жеп отырған әйелдер оларды жемеген адамдарға қарағанда ұзақ өмір сүргені анықтаған.

«Алманың құрамында қан тамырларын босаңсытатын, обыр ауруының алдын алатын жасушалар мен флавонидтер бар. Сондай-ақ, алма холестерин мөлшерін азайтып, қан қысымын реттейді», - деп мәлімдеді ғалымдар.

Фото:tattialma.kz

Поделитесь новостью
Поделитесь новостью:
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: