Қарағанды көшелеріндегі ойдым-ойдым жолдар тұрғындарды әбігерге салуда
Zakon.kz
Әзірге жөндеудің нақты қашан жүргізілетіні белгісіз.
Қарағандының қақ ортасындағы ойлы-шұңқырлы жолдарда табандарын тоздырған тұрғындардың билікке айтар өкпелері қара қазандай. Сапасы сын көтермейтін асфальт жолдар көлік жүргізушілерін де әуре-сарсаңға салуда, деп хабарлайды "Қазақстан" ҰТА.
Өткен жылы ғана жөнделген бұл жолдар бар-жоғы үш төрт айдың ішінде қазіргі кейіпке енген.
Әкімдік қызметкерлері болса ағымдағы жылы қаладағы 14 көшеге орташа жөндеу және қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілетінін айтады. Оларды қалпына келтіруге биыл 3,5 миллиард теңге бөлінген.
Әзірге жөндеудің нақты қашан жүргізілетіні белгісіз.
Жанбота Рахметуллаұлы
Фото: www.diapazon.kz
Поделиться новостью
Читайте также
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript