Ауылдар толығымен интернетпен қамтылады- Ә.Исекешев
Zakon.kz
Бiздiң мақсатымыз - алдағы жылдары барлық азаматтарды жылдамдығы жоғары интернетпен қамтамасыз ету. Бiз үшiн интернеттi ауылдарға жеткiзу аса маңызды.
«Сандық Қазақстан-2020» бағдарламасын талқылауға арналған жиында ҚР Инвестициялар және даму министрi Әсет Исекешев ауылдардың толығымен интернетпен қамтылатынын айтты, - деп хабарлайды BNews.kz.
Министрдің айтуынша, қазір үлкен мақсаттардың бірі - барлық ауылдарды интернетпен қамтамасыз ету. Қазiр мамандар осы бағытта жұмыс істеп жатыр.
«Бiздiң мақсатымыз - алдағы жылдары барлық азаматтарды жылдамдығы жоғары интернетпен қамтамасыз ету. Бiз үшiн интернеттi ауылдарға жеткiзу аса маңызды. Ауыл тұрғындарының көбiнде интернет жоқ. Ал онсыз «Электрондық үкiмет», «Электрондық бiлiм беру» және «Электрондық денсаулық сақтау» бағдарламалары жұмыс iстемейдi», - дедi Әсет Исекешев.
Фото:www.foto-sobitiya-planeti.ru
Поделиться новостью
Читайте также
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript