Павлодар облысында Орта Азиядағы ең ірі көпір құрылысының негізгі жұмыстары аяқталды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 06.04.2016 22:20 Zakon.kz
Сондай-ақ, мамыр айында көпір өткелінде асфальт төселе басталып, сырқы келбеті түзетіледі. Ал 2016 жылдың желтоқсан айында нысан пайдалануға беріледі.

Павлодар облысындағы Орта Азиядағы ең ірі көпір құрылысының негізгі жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» АҚ Павлодар облысындағы филиалының басшысы Ерсін Сәриев мәлім етті. - Бүгінгі күні негізгі жұмыстар толықтай аяқталды, соның ішінде үш көпірдің құрылысы мәресіне жетті.

Ертіс өзені арқылы өтетін 476 метрлік төртінші ең үлкен көпірдің аркасы иілген аспа ретінде жаңа технологиялармен салынады. Көпір өткелі төрт жолақты болмақ. Дизайнға сәйкес, көпір аркасының түсі көгілдір болса, оның арасындағы сәулеге ұқсас бөлшегі алтын түстес болмақ. Жаңа көпірдің ашылуы Ақсу мен Павлодар арасындағы жолды 15 километрге қысқартса, еліміздің шығыс өңірлерінен орталық аймаққа қатынайтын транзиттік көліктер қала ішіне кірмейді. Осылайша, жолды 40 километрге қысқарту мүмкіндігі туады, - деді Е.Сәриев.

Құрылысқа қажетті материалдардың басым бөлігі қиыршық тас, құм-қиыршық тас қоспасы, битум жергілікті өндірушіден сатып алынады. Кенжекөл және Қарабай кенттерінің техникалық алаңдарында көпірдің эстакада бөлігін құрастыруға керекті 42 метрді құрайтын темір бетоннан жасалған арқалық дайындалады.

- Ертіс өзені арқылы өтетін көпірдің тиектеу құрылымы түйістірілді. Бұл жұмыстар шамамен үш ай уақыт алды. Қазіргі уақытта көпір аркаларын құрастыру жұмыстары жүріп жатыр. Аталмыш жерде үш арка орналастырылмақ,-деді «Казахдострой» ЖШС Солтүстік-Шығыс филиалының құрылыс-сынақ зертханасының басшысы Арман Күлсейітов.

Бүгінгі күні Астана-Павлодар-Өскемен автожолының 600 метрі өтетін саяжайлар орналасқан аумақ бойынша мәселе әлі шешімін таппай тұр. Бұл - Кенжекөл кентінің дәл қасынан өтіп, Семейге шығатын көпір өткелінің көлік жол айырығы. Аталмыш учаскеде жер төсемі төгіліп, жол айырығы тірегінің астынан 4х2,5 метр су өткізу құбырын монтаждау жұмыстары өтіп жатыр.

Сондай-ақ, мамыр айында көпір өткелінде асфальт төселе басталып, сырқы келбеті түзетіледі. Ал 2016 жылдың желтоқсан айында нысан пайдалануға беріледі.

Назым Қарабаева

Суретті түсірген - автор

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: