Ақмола облысында қоғамдық көлікті мас күйінде айдаған екі жүргізуші ұсталды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 07.04.2016 15:59 Zakon.kz
Автобус парктеріндегі жолаушылар көліктерін пайдалануға жауапты екі лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ақмола облысында «Автобус» ЖАШ барысында екі күн ішінде 259 заң бұзушылық тіркелді. Қоғамдық көлікті мас күйінде айдаған екі жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды BNews.kz.

Жолаушылар көлігінің кесірінен болатын жол апатын азайту мақсатында Ақмола облысы ІІД Жергілікті полиция қызметі 4-5 сәуірде «Автобус» жедел алдын алу шарасын өткізді. Шараға әкімшілік полицияның 821 қызметкері, жол-патрульдік бөлімшесінің 434 және көлік полициясының 13 өкілі жұмылдырылды.

«Екі күн ішінде 259 заң бұзушылық анықталды, соның ішінде: еңбек және демалыс режимінің ережелерін бұзу – 3, көлік жүргізіп отырып телефонмен сөйлесу –66, жылдамдықты асыру – 8, маневр жасау ережелерін бұзу – 19, жаяу жүргіншілерге жол бермеу – 8», - деп мәлімдеді ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Пинчук.

Автобус парктеріндегі жолаушылар көліктерін пайдалануға жауапты екі лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Кәсіпорын басшыларының салғырттығынан кей жүргізушілер қоғамдық көліктерді мас күйінде айдаған. Көкшетау мен Есіл қаласында ащы судан ұрттап алып, көлік тізгініне отырған қос жүргізуші жауапқа тартылды», - деп толықтырды жергілікті полиция қызметінен.

Фото: www.netall.ru

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: