ҚР ҚК-нің әскери қызметшілері ұдайы орналасу орнынан 700 000 метрге марш жасады

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 07.04.2016 16:51 Zakon.kz
Жауынгерлік даярлықтың ұйымдастырылуы, әскерлердің басқарылуы және әскерлерді материалдық-техникалық қамтамасыз етудің тиімді жүйесінің құрылуы жақсаратын болады.

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің 21450 және 82796 әскери бөлімдері әскери қызметшілерінің жоспарлы бригадалық-тактикалық оқу-жаттығуы басталды, деп хабарлайды zakon.kz, ҚР Қорғаныс Министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме беріп.

«Көрсетілген оқу-жаттығудың ерекшелігі оқу-жаттығу жоспарына жоғары қолбасшылықпен тосыннан тұрақты орналасу орнынан 700 шақырымға шамалы зерделенген бағдарлар бойынша әскерлердің жылжуы бойынша түзетулер енгізіліп, міндеттер қойылғаны болып табылды. Одан басқа, жауынгерлік арналым ауданына әскерлердің қозғалуы кезінде авиация қолданылды», - деді «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Талғат Қойбақов.

Бригадалық-тактикалық оқу-жаттығуға 2 500-ге жуық жеке құрам және шамамен 700 бірлік техника тартылды.

Көрсетілген бригадалық-тактикалық оқу-жаттығу барысында жедел және жауынгерлік даярлықты ұдайы жетілдіру жөніндегі ҚР Қорғаныс министрінің талаптарын «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының қолбасшылығы іс жүзінде орындауды жоспарлап отыр. Ол үшін оқу-жаттығудың егжей-тегжейлі жоспары әзірленді. Жеке құрам белгілі бір дайындықтан өтіп, жоғары моральдық-жауынгерлік рухқа ие.

Қазақстандық армияның осы жылдағы негізгі күш-жігері жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіру кезінде жеке құрамның іс-қимылдарын жетілдіруге, елді мекендер мен таулы жерде ұрыс жүргізу үшін бөлімшелердің әзірлігін арттыруға бағытталатынын естеріңізге сала кетейік. Сондай-ақ әрі қарай жауынгерлік даярлықтың ұйымдастырылуы, әскерлердің басқарылуы және әскерлерді материалдық-техникалық қамтамасыз етудің тиімді жүйесінің құрылуы жақсаратын болады.


Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: