Қазақстанның Ұлттық банкі электронды төлемдер қызметтері нарығына бақылау жүргізбекші

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 07.04.2016 21:55 Zakon.kz
Заң жобасы әлеуметтік-экономикалық зиян келтірмейді. Сонымен қатар, бастама мемлекеттік бюджеттен қаражатты да қажет етпейді.

ҚР Ұлттық банкі төлем нарығының ашықтығын арттыру және ақтық тұтынушылардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында электронды төлем жүйелерінің банктік емес операторларының қызметін реттеу құзіретіне ие болады, деп хабарлайды zakon.kz, primeminister.kz таратқан ақпаратқа сілтеме беріп.

«Жалпы ұсынылған заң жобасын қабылдау төлем нарығының ашықтығын арттыра түседі. Ондай қызметтерді реттеу нарығына жаңа ойыншылардың да қосылуы күтіледі. Төлемдер атқару бойынша банктік үдерістер де оңтайландырылады, бәсекелестік кеңейеді, сондай-ақ ақтық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қамтамасыз етіледі», - деп атап өтті бүгін Парламент Мәжілісінде «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» заң жобасын таныстырған ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Алпысбай Ахметов.

Оның айтуынша, заң жобасын қабылдау төлем картасы жүйесін мейлінше қолдануды ынталандырады. Сонымен қатар, халыққа ұсынылатын қолма қол ақшасыз қызмет түрлерінің аясы да кеңейе түседі.

«Қазіргі күні мемлекетте осы нарыққа қатысушылардың нақты саны және төлем жүйелері арқылы жүргізілетін төлемдердің көлемі туралы дәйекті ақпарат жоқ. Бұл нарықтың құрылымында қолданылатын комиссия бойынша да ашықтық жоқ», - деді А.Ахметов.

Қазақстанның төлем нарығында өз қызметін жүзеге асыратын банктік емес жеке төлем ұйымдарының қызметіне мемлекеттік бақылау енгізіледі.

Осы себепті «төлем ұйымдары» деген термин енгізілуде. Аталған ұғым аясына белгілі бір төлем қызметтерін жүзеге асыратын банктерден тәуелсіз жеке меншік электронды төлем жүйелері кіреді. Әлемдік тәжірибеге сай, заң жобасы арқылы төлем агенттері мен субагенттерін тарту арқылы белгілі бір төлем түрлерін жасау мүмкіндігі ұсынылады.

Қазір қолданыстағы «Төлем мен ақша аударымдары туралы» заң тек төлем мен ақша аударымдары кезіндегі құқық бұзушылықтың болмауын қамтамасыз етеді. Атап айтар болсақ, ақша аударымдары мен төлемдердің жүзеге асу тәртібі мен әдістерін белгілеп, аталған операцияларды жасау туралы бұйрықтың орындау тәртібін анықтап, ақша аударымдары мен төлем жасауға қатысушы тұлғалардың міндеттері мен құқықтарын белгілейді.

Оның айтуынша, заң жобасын қабылдау төлем картасы жүйесін мейлінше қолдануды ынталандырады. Сонымен қатар, халыққа ұсынылатын қолма қол ақшасыз қызмет түрлерінің аясы да кеңейе түседі.

Заң жобасы әлеуметтік-экономикалық зиян келтірмейді. Сонымен қатар, бастама мемлекеттік бюджеттен қаражатты да қажет етпейді.

Фото: kaztv.kaztrk.kz

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: