Атбасарда бөгет арқылы судың тасуы тоқтатылды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 08.04.2016 19:31 Zakon.kz
Жырылуды жою бойынша жедел шаралар қабылданды. Жер үймегін 7 метрге дейін биіктету нәтижесінде судың тасуы тоқтатылды.

Атбасарда бұзылған бөгет арқылы Жабай өзенінен судың тасуы тоқтатылды деп хабарлайды Қазақстан жаңалықтары АА, Қазақстан ІІМ ТЖК ресми өкілі берген ақапаратқа сілтеме жасап.

Жетінші сәуірде Атбасар қаласында Жабай өзенінде су деңгейінің көтерілуінен қорғаныс бөгетінде ені төрт метр жырылу болды. Челюскина көшесінде жақын маңдағы үйлерді су басу қаупі пайда болды.70 адам қауіпсіз жерге көшірілді.

"Жырылуды жою бойынша жедел шаралар қабылданды. Жер үймегін 7 метрге дейін биіктету нәтижесінде судың тасуы тоқтатылды", — делінген хабарламада.

Жұмысқа 458 адам және 76 техника бірлігі жұмылдырылды.

Фото: newskaz.kz

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: