«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2016 жылға 99 ТКШ жобасы мақұлданды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 08.04.2016 23:54 Zakon.kz
2016 жылы бағдарлама аясында субсидиялау енгізілетіндігі айтып өтілді.

«Нұрлы жол» бағдарламасының шеңберінде 2016 жылға 75 млрд теңге соманы құрайтын 99 жоба мақұлданды, деп мәлімдеді ОКҚ брифингінде Қазақстандық ТКШ жаңғырту және дамыту орталығы басқармасының төрағасы Сергей Чайжунусов. Бұл туралы zakon.kz, primeminister.kz жариялаған ақпаратқа сілтеме беріп хабарлайды

«2016 жылға қосымша қаражат сомасы бекітілді, егер өткен жылы бұл сома 60 млрд қаражатты құраса, биыл бюджеттік несиелеу аясында - 75 млрд теңге. Оның ішінде, сумен жабдықтау бойынша жобалар – 22,4 млрд теңгені құрайтын 48 жоба, су бұру бойынша жобалар – 10,4 млрд теңгені құрайтын 20 жоба, жылумен жабдықтау бойынша жобалар – 44,2 млрд теңгені құрайтын 31 жоба. Жалпы алғанда «Нұрлы жол» аясында 99 жоба мақұлданды», - деді С.Чайжунусов.

2016 жылы бағдарлама аясында субсидиялау енгізілетіндігі айтып өтілді.

«Биылғы жылдан бастап жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйесінің құрылысын және қайта құрылымдауды несиелендіру – мемлекеттік қолдаудың жаңа тетігі енгізілгенін айрықша атап айтқан абзал. Мемлекеттік емес қаржылық институттардың, соның ішінде халықаралық ұйымдардың қайта қаржыландырылуымен іске асырылатын инвестициялық жобаларға жұмсалатын шығындардың бір бөлігін несиелендірудің негізгі мақсаты, салынған инвестициялардың өтемділігіне қолдау көрсету және коммуналдық қызмет тарифтерін жұмсартуға әсер ету. Бекітілген несиелендірудің сомасы 14,5 млрд теңгені құрайды. Жалпы алғанда 90 млрд теңге», - деді ол.

Сонымен қатар, С.Чайжунусовтың айтуынша, «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту қоры» акционерлік қоғамы мен Еуропалық даму және қайта құру банкі қазіргі кезде 12,2 млрд теңгені құрайтын несиелік келісімді қарастыратын мандаттық хатқа қол қойды.

«ТКШ Дамыту қоры» АҚ бюджеттен бөлінген 6 млрд теңге қаржыға сәйкес жалпы үйлік жылу есептегіш аспаптарды орнату бойынша бағдарламаны іске асыру үшін үздіксіз жұмыс жүргізуде. Бүгінгі таңда республика бойынша 2015 жылғы қыркүйектегі мәліметтердің негізінде жалпы сомасы 1,4 млрд теңгені құрайтын 2235 бірліктегі жылу есептегіш аспаптары нақты орнатылған», - деді С.Чайжунусов.

Төрағаның мәліметінше, ағымдағы жылдың соңына дейін тағы да 6015 бірліктегі жылу есептегіш аспа орнату жоспарлануда, бұл жалпы республикалық қажеттіліктің 43 пайыздық жиынтығын құрайды.

«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту қоры» акционерлік қоғамы мен Еуропалық даму және қайта құру банкі қазіргі кезде 12,2 млрд теңгені құрайтын несиелік келісімді қарастыратын мандаттық хатқа қол қойды. Бұл қомақты қаражаттың 10,2 млрд теңгесі жалпы үйлік жылу есептегіш аспаптарын орнатуға бағытталса, қалған 2 млрд теңге автоматтандырылған жылу пункттерін орнату және жылу мен суды коммерциялық есептеудің автоматтандырылған жүйесін егнгізуге жұмсалады», - деп мәлімдеді С.Чайжунусов.

Фото:pnk.kz

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: