ҰҚК алматылық кәсіпкерлерге қауіпсіздікке қатысты талап қойды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 11.04.2016 16:48 Zakon.kz
Бүкіләлемдік экономикалық форумның лаңкестікке қарсы шараларды ұйымдастыру рейтингі бойынша Қазақстан 62-орынға тұрақтапты. Ал, 2017 жылға қарай бұл көрсеткішті жақсартып, 52-орынға жету көзделуде.

Алматыда бизнес-қауымдастық өкілдері терроризмге қарсы қауіпсіздік мәселелерін талқылады. Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің өкілдерімен болған жиында шағын және орта кәсіпкерлік иелеріне қойылатын талаптар айтылды. Яғни, өндіріс пен халық көп шоғырланатын орындардың қауіпсіздігі сөз болды. Құзырлы органдар дерегінше, Алматыда лаңкестікке осал 411 бизнес нысаны бар. Бұл нысандарда бейнекамералар мен дабыл жүйесінің және басқа қауіпсіздік шарттарының бар-жоғы тексерілді. Нәтижесінде қауіпсіздік ережелері сақталмағаны әшкере болды, деп хабарлайды Алматы телеарнасы.

"Біз нысандарды екіге бөліп қарастырдық. Бірінші топқа қойылатын талап - бейнекамералардың болуы. Екінші топ - халық көп жиналатын орындарда бейнекамера, дабыл жүйесі, бақылау мониторингінің және басқа да жүйелердің болуы ескеріледі",- дедіАлматы қаласы ҰҚКД лаңкестікке қарсы орталығы маманы Андрей Шмаков.

Талаптар орындалмаса, кәсіпкерлер айыппұл арқалайды. Бүкіләлемдік экономикалық форумның лаңкестікке қарсы шараларды ұйымдастыру рейтингі бойынша Қазақстан 62-орынға тұрақтапты. Ал, 2017 жылға қарай бұл көрсеткішті жақсартып, 52-орынға жету көзделуде. Осы мақсатта осал бизнес нысандары иелеріне қауіпсіздік шараларын барынша күшейту тапсырылды.

Фото: almaty.tv

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: