ҰБТ-ны екінші мәрте тапсырғандар білім грантына ие бола алмайды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 11.04.2016 22:04 Zakon.kz
Тестті қайта тапсыру мерзімі 25 тамыздан басталады.

ҰБТ-ны екінші мәрте тапсырғандар білім грантына ие бола алмайды, деп хабарлайды "Қазақстан" ҰТА.

Әнел Тынысбек - елордадағы №4 мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы. «Алтын белгіге» үміткер. Озат оқушы қосымша пән ретінде ағылшын тілін таңдаған. Болашақта елші болуды армандайды.

Әкесі Досан Бекжанов: «Қызымыз жақсы нәтиже көрсету үшін барынша қолдауға тырысамыз», дейді.

«Тестілеуге дайындық барысында барлық ата-ана баламен достық қарым-қатынаста болуы тиіс. Сенімсіздік таныту баланың бойында үрейдің пайда болуына әкеледі», дейді психолог Назым Үйсенбекқызы.

Биылғы жылы тестілеу 2-15 маусым аралығында өтеді. Сүрінген жағдайда қайта тапсыруға мүмкіндік бар. Алайда, сынақтан екінші мәрте өткендер білім грантына ие бола алмайды.

«Тестті қайта тапсыру мерзімі 25 тамыздан басталады. Ережесі толығымен талапкерлердің кешенді тестілеу емтиханына сәйкес келеді», дейді ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Қали Әбдиев.

Ал, ҰБТ-ның ережесі мен сұрақтар мазмұнына айтарлықтай өзгертулер енгізілген жоқ.

Фото:informburo.kz

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: