Алтай тауынан көне түркі тайпасына тиесілі мумия табылды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 12.04.2016 17:26 Zakon.kz
Осыдан 1500 жыл бұрын жерленген Мумия мен жәдігерлердің ұзақ уақыт сақталуының себебін мамандар климаттың қолайлы жағыдайымен байланыстырады.

Археологтар Моңғолияға қарасты Алтай тауының 2 мың 800 метр биік шыңдарының бірінен VI ғасырда жерленген мумия тапты,бұл туралы Британдық «Daily mail» басылымы хабарлады, деп жазады Baq.kz.

Ғалымдардың пайымдауынша мумия көне түркі тайпасына тиесілі . Мумиямен қатар жылқы, ертоқым, арқан, ағаш ыдыстар, қазан және теріден тігілген киімдер табылған, бұл жәдігерлерге негізделе отырып, мәйіт иесінің өз кезінде жоғары таптың өкілі болғанын аңғару қиын емес.


«Біз мумияны әйел деп топшыладық, себебі бұл жерден садақ таппадық» дейді археолог Сақбатыр (B.Sukhbaatar). Осыдан 1500 жыл бұрын жерленген Мумия мен жәдігерлердің ұзақ уақыт сақталуының себебін мамандар климаттың қолайлы жағыдайымен байланыстырады.



Фото: baq.kz

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: