15-20 жылда Қазақстанда мұнай өндірісі азаюы мүмкін

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 14.04.2016 19:16 Zakon.kz
Каспий жағалауы ойпаңының 30 пайызы Ресейге қарасты болғандықтан аймақтың бірыңғай геологиялық моделінің құрылымы және геологиялық зерттеу мәселелері бойынша ынтымақтастыққа қос тарап та мүдделі.

Бүгін Астанада еліміздегі мұнай өндірісі және жаңа кен орындарын барлау тақырыбына арналған дөңгелек үстел өтті. Тиісті ведомства өкілдері және жеке меншік отандық және шет елдік компания өкілдері қатысқан шарада соңғы 15 жылда Қазақстан бойынша жаңа кен орнының ашылмағаны айтылды, деп хабарлайды businessnews.kz.

Жиынға қатысушылардың пікірінше, соңғы 15 жылда елімізде жаңа мұнай кен орны ашылмаған. Тиісінше, 15-20 жылдан кейін Теңіз, Қарашығанақ, Қашаған кен орындарында мұнай өндірісі төмендеуі мүмкін. Сол себепті, алдағы уақытта ҚР Энергетика министрлігі 2013 жылғы «Еуразия» жобасы аясында Каспий жағалауы ойпаңында геологиялық жұмыстарды қолға алуды жоспарлауда.

Жалпы, Каспий жағалауы ойпаңының 30 пайызы Ресей Федерациясына қарасты болғандықтан аймақтың бірыңғай геологиялық моделінің құрылымы және геологиялық зерттеу мәселелері бойынша ынтымақтастыққа қос тарап та мүдделі.

Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылдың 29-30 қыркүйегінде Қазақстан мен Ресей аумақаралық ынтымақтастығының XI форумын өткізу барысында қос елдің мемлекет басшысы жобамен танысқан болатын. Нәтижесінде, Президент Н.Назарбаевтың 5 институционалды реформаны іске асыру бойынша бекітілген жоспар 100 нақты қадамның ішіне енгізілді.

Еуразия жобасы аясында алдағы уақытта мұнай кен орындарын барлауға инвестиция тарту мәселесі күн тәртібіне қойылды. Еуразия жобасы аясында елдегі мұнай кен орындарын барлау, біріншіден, мұнай-газ саласын тұрақты ресурстық базамен көмірсутек шикізатының өзіндік «стратегиялық резервімен» қамтамасыз етуге; екіншіден, 15-20 жылдан кейін мұнай тапшылығының алдын алуға мүмкіндік береді; үшіншіден, еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, экономикалық өсімге қарқын бермек.

Бауыржан Мұқанов

Фото: total.kz

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: