Павлодар облысында 400-ден астам әскер қатарына шақырылушыға іздеу салынған

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 14.04.2016 23:02 Zakon.kz
Департамент басшысының айтуынша, ҚР Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарға биылғы көктемде 674 адам жіберілген.

Павлодар облысында әскер қатарына шақырылған 406 болашақ отан қорғаушыға іздеу салынған, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы бүгін облыс әкімдігінде өткен жиында 2016 жылғы көктемгі әскери қызметке шақыру науқаны туралы баяндаған аймақтық қорғаныс істер жөніндегі департаменттің басшысы Амангелді Қаленов мәлім етті.

- Бүгінгі таңда өңірде әскер қатарына шақырылушыларды іздеу жұмыстары тиісті деңгейде жүргізілмей отыр. Сонымен қатар, қорғаныс істер жөніндегі басқарма тарапынан бірнеше мәрте қолына шақырту алған жігіттер де қалалық және аудандық әскери комиссияның тексеруінен жалтаруда. Бүгінде олардың саны да 406 адамды құрайды, - деді А. Қаленов.

Департамент басшысының айтуынша, ҚР Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарға биылғы көктемде 674 адам жіберілген. Оның 210-ы – қорғаныс министрлігі, 17-сі мемлекеттік күзет қызметі, 30-ы шекара қызметінің бөлімшелеріне және 317 адам ұлттық гвардия қатарын толықтырады. Медициналық тексерістің қорытындысы әскер қатарына шақырылатын жастағы көптеген азаматтардың денсаулығына байланысты жарамсыз екенін көрсетуде.

- ҚР мемлекеттік қорғау қызметіне 17 адамның сегізі ғана іріктеліп алынған. Себебі оларға қойылатын талап зор. Мұндай азаматтардың бойы 170 см-ден аласа болмауы тиіс. Сондай-ақ денсаулық жағдайы мен туған туыстарының істі болмауы ескеріледі, - деді Амангелді Қаленов.

Бұл мәселелерге қатысты облыс әкімінің бірінші орынбасары Дүйсенбай Тұрағанов өңірлік ІІД-нің қызметкерлеріне әскерге шақырылушыларды іздестіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

- Жыл сайын Павлодар облысынан екі мыңнан астам жігіт әскер қатарына аттанады. Дегенмен жастардың денсаулығы көңіл көнштіпейді. Сондықтан денсаулық сақтау басқармасы болашақ Отан қорғаушылардың денсаулығын нығайту шараларын белсендіріп, алдын ала медициналық тексеру жүргізу қажет, - деді Д. Тұрғанов.

Ақбота Сейсенбаева

Фото:pavlodarnews.kz

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: