Теріс діни ағымның ықпалындағы жастар әскер қатарына алынбайды
Zakon.kz
Биыл көктемде 16 мың бозбала қарулы күштер қатарын толтырмақ екен.
Теріс діни ағымның ықпалындағы жастар әскер қатарына алынбайды. Мұны ұлттық қауіпсіздік комитетінің өзі қатаң қадағалайды екен. Қорғаныс министрлігінің өкілдері осылай деп отыр. Көктемгі шақыртудың басталуына орай журналистерді жинаған ведомоство шенділері әскердегі әлімжеттік пен сарбаздарға берілген жаңаша жеңілдік туралы да айтты, деп жазады 31 телеарна.
Болашақ сарбаздарды физикалық және моральдық-психологиялық жағынан тексеру өз алдына, енді олардың діни көзқарасы да ескеріледі. Бұл бағытта әскерилер ішкі істер министрлігі мен өзге де күштік құрылымдардың көмегіне жүгінеді екен.
МҮСЛІМ ДАЙЫРОВ, ҚР ҚК Бас штабы ұйымдастыру-жұмылдару жұмыстары департаментінің басшысы:
- А приверженцы нетрадиционных религий и экстремистских организаций... в этом нам уже помогает Комитет национальной безопасности.
Нақтылай кетсек, қазір шақыртылып жатқан жастардың бәрін арнайы қызмет өкілдері 3 ай бұрын тексере бастапты. Бұл сынақтардан өтіп, жауынгер атанғандар үшін келесі мәселе - әлімжеттік болары сөзсіз.
ТІЛЕУХАН БАСҚОЖАЕВ, ҚР ҚК әскери полициясы бас басқармасының басшысы:
- Биыл қарулы күштерде 86 қылмыс тіркелген. Соның сіз айтып отырған әлімжеттігі бар, қатардағы жауынгерлер, екеуі солармен байланысты. Сонда пайызбен айтсақ 2,3 пайыз. Тіркелген осы 2 факт.
Қасында отырған генералдың түрткенінен кейін сөзін қысқа қайырған полковник, әрі қарай бұл тақырыпты жылы жаба салды. Есесіне, министрлік шенділері "бірді-екілі жайт болмаса, әскерде бұрынғыдай жүйелі әлімжеттік жоқ" деп сендіріп бақты. Сарбаздар үшін барлық жағдай жасалған дейді. Тіпті жаңа бұйрыққа сәйкес, жауынгерлерге ұялы телефон ұстауға болмайды деген тыйым алынып тасталыпты.
МҮСЛІМ ДАЙЫРОВ, ҚР ҚК Бас штабы ұйымдастыру-жұмылдару жұмыстары департаментінің басшысы:
- Жеке уақыт дейді ғой. Кешкі уақытта 1 сағат, 1 жарым сағаттай телефондарын алып, звондайды. Бұрын болып еді, сыпырып алып, сейфке тығып қойып. Күнде алады.
Биыл көктемде 16 мың бозбала қарулы күштер қатарын толтырмақ екен. Бұл - барлық әскери қызметкердің 30 пайызына тең. Министрлік өкілдері мерзімдік борышын өтеуден бас тартып, бірыңғай келісім шарт бойынша жауынгер жинауға әлі ерте деп отыр. Өйткені, жұмылдыруға қажетті азаматтар санын көбейтуді президенттің өзі тапсырған.
Бақытнұр Әлібай, Ахмедияр Ілиясов
Фото: www.mod.gov.kz
Поделиться новостью
Читайте также
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript