Қостанай облысындағы Сурикова ауылы су астында қалды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 15.04.2016 15:24 Zakon.kz
Осыдан 4 күн бұрын ғана бүтіндей бір елді мекен су астында қалды.

Су ауыл тұрғындарының үйлерінің шатырына дейін жетті. Қазір осы ауылдың тұрғындары мен жануарлар жергілікті мектепке көшірілуде. Ауылда тәулік бойына құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Су болса әлі ағып келіп жатыр. Ал, оны ағызып жіберетін жер жоқ, деп жазады «Қазақстан» ҰТА.

Сурикова ауылы үлкен бір өзенге айналды десе болады. Өйткені онда үйлердің тек шатырларының төбелері ғана көрініп тұр. Кейбір үйлердің ғана терезелері көрінеді. Ағаш қоршаулар су бетіне қалқып шығып жатыр. Жергілікті тұрғындардың айтуларынша, мұндай су тасқыны ауылда 1941 жылы ғана болған. Бұл аймаққа осыншама мол көлемде су келеді деп ешкім ойламаған. Мұндай қиындыққа жергілікті тұрғындар дайын емес болып шықты. Су күтпеген жерден түн ортасында келген.

«Қазір су менің үйімнің терезесіне дейін көтерілді. Үйімнің едендері ісініп, көтеріліп кетіп жатыр. Жиһаздардың барлығы су астында қалды, бәрі су бетінде қалқып жүр. Тоңазтқышты әйтеуір терезе арқылы шығарып алып үлгердік. Сарайымыз құлады»,-дейді жергілікті тұрғындардың бірі Наталья Новикова.

Тұрғындар тек малдарын ғана аман алып қала алған. Құтқарушылар оларды қауіпсіз аймаққа көшіріп, қажетті азықпен қамтамасыз еткен. Тұрғындар бұдан әрі не істерлерін де білмей дал болуда. Олардың бірқатары Қостанай қаласына кетіп жатса, кейбіреулері қайда барарларын білмей отыр, деп жазады alau.kz порталы.

Фото: alau.kz

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: