Ереванда ЕАЭО-тың тауар нарықтарындағы бәсекеге қарсы практикаларды жою талқыланды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 15.04.2016 18:35 Zakon.kz
Картельдермен күрес мәселелеріне, ЕЭК бірлескен және ЕАЭО елдерінің монополияға қарсы органдарының аталған бұзушылықтарды анықтау және бұлтартпау бойынша іс-қимылын күшейту мәселелеріне көңіл бөлінді.

Ереванда ЕЭК-ның бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі министрі Нұрлан Алдабергеновтың төрағалығымен ЕАЭО елдерінің монополияға қарсы органдардың басшылары халықаралық ұялы байланыс саласындағы кедергілерді жою, түрлі тауар нарықтарындағы бәсекеге қарсы практикалар және ЕАЭО-тағы картельдермен күрес мәселелерін талқылады, деп хабарлайды zakon.kz, primeminister.kz таратқан ақпаратқа сілтеме беріп.

«Кеңесте өзекті мәселелер: ЕАЭО елдерінің халықаралық ұялы байланыс саласындағы заңнаманы үйлестіру және кедергілерді жою; тау-кен өнеркәсібі, фармацевтикалық өнім және басқа да пайдаланылатын автокөлік, арнайы техниканың трансшекаралық нарықтарындағы дистрибьюторлық және делдалдық келісімдер жасау кезінде бәсекеге қарсы практикаларды бұлтартпау және ескертудің тиімді әдістері; бәсекеге қарсы келісімдермен (картельдермен) күрес; сондай-ақ ЕАЭО трансшекаралық нарықтарындағы бәсекелестік жағдайы», - деп мәлімдеді ЕЭК-те.

Кеңес қатысушылары Еуразиялық экономикалық комиссияның, ЕАЭО мемлекеттерінің монополияға қарсы органдарының және ұялы байланыс операторларының бірлескен жұмысының нәтижесінде роумингтегі дауыс қызметтерінің құны төмендегенін айтып өтті.

ЕЭК мәліметінше, ЕАЭО елдерінің тұтынушылары үшін ЕАЭО аумағында роумингтегі байланыс қызметтерінің құнын төмендетуден келетін экономикалық пайда жылына 2 млрд ресей рублін, оның ішінде Армения Республикасының тұтынушылары үшін 500 млн ресей рублін құрауы мүмкін.

Кеңес аясында аталған саладағы жұмысты жалғастыру туралы, оның ішінде 2017 жылы роумингтегі дауыс байланысы қызметтерінің құнын кезекті төмендету үшін жағдай жасау, халықаралық тарифтерді қосу және өткізу кезіндегі дискриминациялық шарттарды жою, сондай-ақ ұялы байланыс қазметтерінің трансшекаралық нарығында бәсекелестікті дамыту туралы шешім қабылданды.

Бұдан өзге, кеңесте трансшекаралық нарықтарындағы дистрибьюторлық және делдалдық келісімдер жасау кезіндегі бәсекеге қарсы практикалар мәселелері талқыланды. Нәтижесінже ЕЭК бірлескен жұмысы қажеттігін, ЕАЭО елдерінің монополияға қарсы органдарын, монопоиялға қарсы практикаларды өз еркімен жоюды ынталандыруды және автокөлік, фармацевтикалық нарықтардың, сондай-ақ ЕАЭО-тағы сауда желілері қатысушыларының адал әрекеті кодекстерін енгізуді қоса алғанда бәсекеге қарсы практикаларды ескерту, анықтау және бұлтартпауға бағытталған шаралар әзірлеу туралы шешім қабылданды.

Картельдермен күрес мәселелеріне, оның ішінде ЕЭК бірлескен және ЕАЭО елдерінің монополияға қарсы органдарының аталған бұзушылықтарды ескерту, анықтау және бұлтартпау бойынша іс-қимылын күшейту мәселелеріне баса көңіл бөлінді.

Фото: primeminister.kz

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: