Астанада 60-тан астам адамды сан соқтырған алаяқ қолға түсті

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 18.04.2016 17:36 Zakon.kz
Егер айыпталушының кінәсі дәлелденетін болса, ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігі («аса ірі көлемдегі алаяқтық») бойынша 5-10 жыл аралығында бас бостандығынан айрырылады.

Елдордалық тәртіп сақшылары 58 жастағы Меңсұлу Табакованы ұстап, оған қатысты тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Bnews.kz.

«Тергеу барысында Табакованың 2012-2014 жылдар аралығында Астана аумағында алаяқтық жолмен қала тұрғындары мен басқа да аумақтардың тұрғындарының атына екінші деңгейлі банктерде қайтарымсыз несиелерді рәсімдеумен айналысқаны анықталды. Қазіргі таңда 60-тан астам адам арызданып отыр. Зардап шеккендердің саны одан да көп болуы мүмкін. Нақты қанша зиян келтірілгені тергеу барысында анықталады», - дейді Астана қаласы ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі София Қылышбекова.

Осыған байланысты полиция қызметкерлері Меңсұлу Табакованың әрекетінен зардап шеккен азаматтарды Астана қаласы Ішкі істер департаментіне: Бейбітшілік көшесі, 19, 338 б. немесе мына телефон нөмірлеріне: 71-60-10, 71-62-13, 8-701-465-10-71 хабарласуды сұрайды.

Айта кетейік, егер айыпталушының кінәсі дәлелденетін болса, ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігі («аса ірі көлемдегі алаяқтық») бойынша 5-10 жыл аралығында бас бостандығынан айрылып, бүкіл мүлкі тәркіленуі мүмкін.

Дәурен Ерболат

Фото:svopi.ru


Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: