Павлодарда қарапайым жұмысшының мүсіні тұрғындар арасында танымал болып келеді
Павлодардың речной вокзалында шойыннан жасалған сантехник маманының құрметіне қойылған мүсін тұрғындар арасында танымал болып келеді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
«Речной» мәдени-сауық кешенін басқарушысы Нұржамал Дюсембаеваның айтуынша, бұл - өз өмірінің 40 жылын осы мамандыққа арнаған Сергей Тычковтың бейнесі. Қаламыздағы барлық кәріз жүйесі бойынша жұмыстар осы адамның қолынан өткен. Ол өте жарқын және еңбегіне адал жан. - Менің мамандығыма құрметпен қарағандары үшін ризамын. Енді балаларым мен немерелерім мүсінді көріп, мені мақтан ететін болады, - деді С.Тычков. Айта кетерлігі, №1 және №5 мектептің екі оқушысы Александр Зайцев пен Николай Бойко қаланың басқа шетінен осы жерге мүсінді арнайы көруге велосипедпен келген.
- Қалада бұл мүсіннің пайда болғаны туралы ғаламтор арқылы білдік. Сосын өз көзімізбен көргіміз келіп кетті. Мүсін өте қызықты жасалған екен, басқалардан өзгеше. Бет-әлпеті жылы, бір ойға беріліп кеткендей, бізге ұнады, - деді оқушылар.
Айгерім Жанкашева, Назым Қарабаева
Фото: pavlodarnews.kz