АрМИ-2016 халықаралық ойындарында Қазақстан намысын қорғайтын үздік танк экипажы таңдалуда

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 19.04.2016 19:24 Zakon.kz
Қарулы Күштерде АрМИ-2016 халықаралық ойындарында Қазақстанның намысын қорғайтын үздік танк экипажы таңдалуда.

Аягөз гарнизонына қарасты 10810 әскери бөлімінде «Майлино» полигонында Армия халықаралық ойындары-2016 шеңберінде «Танк биатлоны» және «Суворов тегеуріні» байқаулары бойынша ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің сайысы басталды, деп хабарлайды , ҚР Қорғаныс Министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап.

Осы жарыстың қорытындысы бойынша ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің үздік танк және мотоатқыш экипаждары анықталып, Ресей Федерациясында «Танк биатлоны» және «Суворов тегеуріні» Армия халықаралық ойындарының екі байқауына қатысу үшін іріктеу жүргізіледі. Жарысқа «Астана», «Оңтүстік», «Шығыс», «Батыс» өңірлік қолбасшылықтары және ҚР ҚК Аэроұтқыр әскерлері командаларының 15 үздік танк және мотоатқыш экипаждары қатысады.

Экипаждар Т-72 және ЖӘЖМ-2 танктерін жүргізу және ұрыс машиналарының қару-жарағынан дәл оқ ату шеберлігінен сайысқа түседі. Жарыс 2 кезеңде өтеді. Жеке жарыста және арнайы жабдықталған әртүрлі кедергілермен жүріп өтілген жер бойынша бағдардағы эстафетада. «Жарыс тас жолы қандай қиын болмасын, барлығы экипаждардың шебер іс-қимылдарына, кім тез жүргізеді және ұрыс машиналарынан кім жақсы ататынына байланысты болады», - деп танкіші әскери қызметшілер атап өтті.

Сайыс қорытындысы бойынша әрі қарай «Майлино» полигонында «Танк биатлоны» және «Суворов тегеуріні» байқаулары бойынша Армия халықаралық ойындарына дайындалуды жалғастыратын 4 үздік танк және мотоатқыш экипажы іріктеледі.

Шешуші халықаралық кезең шілденің 30-ы мен тамыздың 13-і аралығында Ресей Федерациясының «Алабино» полигонында өтеді. Мұндай жарыстар өзінің тікелей арналуын – Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі мен аумақтық бүтіндігін қорғауды орындауға жеке құрам мен экипаждардың әзірлігін бағалау үшін емтихан болып табылады.

Фото:www.mod.gov.kz


Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: