ТКМ саласында Технологиялық біліктілік орталығын құру жобасына Google компаниясы қатысады

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 20.04.2016 19:01 Zakon.kz
Орталық Алматыда 2016 жылдың екінші жартысында ашылады деп жоспарланған.

Google компаниясының қатысуымен тау-кен металлургия саласында құрылатын Технологиялық біліктілік орталығы жылына 1200 маманға дейін оқытуға мүмкіндік береді, деп мәлімдеді ҚР инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев 7-ші МАЙНЕКС Орталық Азия тау-кен өнеркәсібі форумы барысында. Бұл туралы , primeminister.kz жариялаған ақапаратқа сілтеме беріп хабарлайды.

«Орталық жаңа технологияларды «индустрия 4.0» моделі бойынша жылына 1200 маманға дейін оқытуға мүмкіндік береді», -деді Ә.Исекешев.

Сондай-ақ, ол Орталық байыту өндірісіндегі өндіру үдерістерін оңтайландыру үшін түрлі сенсорлармен жиналатын мәліметтердің үлкен массивін тереңдетіп талдауды жүзеге асыратын әлемдік металлургиялық кешен жұмысына арналған алғашқы технологиялық платформа болатынын баса айтты.

«Бұл жобаға Google компаниясы қатысады, сондай-ақ басқа да ірі технологиялық ойыншылар тарапынан да қызығушылық бар», - деп мәлімдеді ол.

Бастапқы кезеңде Біліктілік орталығында байыту фабрикасының өндірістік желісінің жұмыс моделі орнатылады. Білім алушылар озық тәжірибе мысалдарымен танысып қана қоймай, өндіріс желісінің тиімділігін арттыру үшін оның жұмысын өз бетімен ретке келтіре алады.

ТМК Біліктілік орталығын «MсKinsey» халықаралық консалтинг компаниясымен бірге «Инновациялық технологиялар паркі» автономды кластерлік қоры құрады.

Министрдің айтуынша, орталықтың алғашқы клиенттері Еуразиялық Топ және Полиметалл сияқты ірі тау-кен өндіру және металлургиялық компаниялары болмақ. ТКМ құзіреттілік орталығы аясында автоматтандыру және терең талдаудың алғашқы модулі биыл іске қосылады, өндірістің тиімділігін арттыру мақсатында мәліметтерді терең талдау пайдаланылады.

ТМК құзіреттілік орталығы «McKinsey» қатысуымен негізі қаланған әлемдегі он алтыншы біліктілікті арттыру орталығы және Қазақстандағы осындай алғашқы орталық болмақ.

Орталық Алматыда 2016 жылдың екінші жартысында ашылады деп жоспарланған.

Фото:www.kazntu.kz

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: