Қазақстанда 9,5 мың тонна алтын қоры бар – болжам

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 20.04.2016 23:16 Zakon.kz
Мыстың болжамды ресурстары 100 млн тоннаға, мырыш пен қорғасынның болжамды ресурстары сәйкесінше 135 млн және 50 млн тоннаға бағаланып отыр.

Қазақстандағы алтынның болжамды ресурстары 9,5 мың тоннаға тең деп бағаланып отыр. Бұл туралы бүгін МАЙНЕКС-2017 тау-кен өнеркәсібінің 7-ші форумында ҚР ИДМ геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы Базарбай Нұрабаев мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz.

«Қазақстан алтынының болжалды ресурстары 9,5 мың тоннаға бағалануда. Оның 7,7 мың тоннасы алтын кен орындарына тиесілі», – деді Б.Нұрабаев.

Сонымен қатар мыстың болжамды ресурстары 100 млн тоннаға, мырыш пен қорғасынның болжамды ресурстары сәйкесінше 135 млн және 50 млн тоннаға бағаланып отыр.

Каспий маңы ойпатындағы көмірсутегі шикізатының қоры 63 млрд тонна деп бағаланған.

«Қолда бар болжамдық ресурстар Қазақстанның жер қойнауындағы жалпы қорлар бірнеше есе жоғары екенін айғақтайды әрі көмірсутегінің айтарлықтай қорлары анықталуы мүмкін қалдық бассейндерді одан әрі зерттеу қажеттігін растайды. Сонымен қатар қорлардың басым бөлігі 6-7 шақырымдық тереңдікте жатыр деп болжануда», – деді ол.

Фото:geo-politica.info

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: