Алматы әуежайында жолаушылардың мазасын алған таксистер әкімшілік жазаға тартылды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 20.04.2016 23:45 Zakon.kz
Алматы әуежайында жолаушылардың мазасын алған таксистер ұсталды.

Алматы әуежайының желілік ішкі істер бөлімі хабарлағандай, 25 жастағы Алматы және 31 жастағы Алматы облысының тұрғыны кіреберістегі таксистердің әрекетіне шағымданған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Олардың айтуынша, жеке тасымалдаушылар ғимараттың алдында алдарын кес-кестеп жүруге жол бермеген.

Полиция қызметкерлері 1977, 1980, 1982, 1993 жылдары туылған 4 азаматты ұстады.

Олар ҚР ӘқК 449-бабының 1-бөлімі, 449-бабының 2-бөлімі бойынша әкімшілік жазаға тартылды.

ҚР Көліктегі ІІД әкімшілік полиция басқармасының хабарлауынша, жыл басынан бері осындай әрекеті үшін 151 таксист жазаға тартылған, олардан 1 млн 601 мың теңге көлемінде айыппұл өндірілді.

Гүлмира Ғосманәли

Фото: almatyairport.com

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: